БАЙҚОҢЫР ҮШIН ТАЙТАЛАС

БАЙҚОҢЫР ҮШIН ТАЙТАЛАС

БАЙҚОҢЫР ҮШIН ТАЙТАЛАС
ашық дереккөзі
414

Бiрталайдан берi Қазақстан мен Ресейдiң ортақ меншiгi Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы төңiрегiнде дау көп. Таяуда Байқоңыр қаласының мәртебесiне қатысты келiсiмге толықтырулар енгiзiлдi.

«1995 жылғы желтоқсанның 23-iндегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi, ондағы атқарушы өкiмет органдарын құрудың тәртiбi мен олардың мәртебесi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мәжiлiске берiлдi. Бұл мәселе бұрындары ҚР мен РФ арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесi және өзге де мәселелер туралы келiсiм 1998 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды.

Байқоңыр айлағы үшiн Ресей тарапы жылына 115 миллон АҚШ долларын төлеп отыр. Осы соманы көз қылған Роскосмостың басшысының орынбасары Виктор Ремишевский жер меншiгiне қатысты келiспеушiлiктерiн алға тартып отыр. «Бұл мәселенi шешуде Қазақстанның бұлтартқанына 5 жыл болды», – дейдi В.Ремишевский. Алайда, Ресейдiң Байқоңырға басыбайлы болып отыруының тағы бiр себебi бар. Плесецк, Капустин Яр ұшыру алаңы және Домбаровский полигоны Ресейдiң ғарыштық қажетiлiктерiнiң 30 пайызын ғана шешiп бере алады.

Серіктес жаңалықтары