ҚАЗПОЧТАНЫҢ ҚЫЗМЕТI ОҚЫРМАНҒА ЖАҚЫН

ҚАЗПОЧТАНЫҢ ҚЫЗМЕТI ОҚЫРМАНҒА ЖАҚЫН

ҚАЗПОЧТАНЫҢ ҚЫЗМЕТI ОҚЫРМАНҒА ЖАҚЫН
ашық дереккөзі
286

Қазақстан елi тәуелсiздiк алғаннан берi бұрынғы байланыс министрлiгi бiрнеше бөлiктерге бөлiнiп, бiрi «Казтелеком» екiншiсi «Казпошта» акционерлiк қоғамы болып қайта құрылды. Бұл құрылым өз iшiнде бiрнеше бөлiктерге бөлiнген-дi. Баспасөздермен бiрiге жұмыс iстейтiн бөлiмдер бiрнеше рет қайта жасақталып құрылды да.

Пошта қызметi бiрнеше құрылымдық өзгерiстерге түскенмен оның жай қызметкерлерi өзгере қойған жоқ. Солардың арасында «Почта сервис» (қазiргi атауы) қызметкерлерi арасында 25 жылдан астам пошта байланыс саласында еңбек еткен Рашадия Ешмухамбетқызы Ақтаева, 23 жыл еңбек өтiлi бар Ғалия Маманова, «Қазпочтаның» орталық аппаратындағы Базаркүл Жүсiпова, Татьяна Кравченко, «Алматы почтампындағы» Қанат Қаратаева тағы басқалар өздерiне бекiтiлген қызметтерiн сапалы да мәдениеттi орындап келедi. Бiрi баспасөз басылымдарын сұрыптап, талдау, таралымдарды өңдеу, баспасөздерге жазылу жұмыстарын ұйымдастыру сияқты жұмыстарды абыройлы атқаруда.

«Пошта сервистiң» қызметкерлерiнiң Р.Ақтаевамен жұмыс iстеудегi мәдениеттiлiгi мен кiшiпейiлдiлiгi, өз iстерiне деген жауапкершiлiгiн көремiз. «Қазпоштаның» қызметi оқырманға, жұртшылыққа етене жақын, күнделiктi қажетiмiздi өтейтiн, көзге көрiнбегенмен көңiлге ұялайтын қызмет түрi.

Т. ДАЙРАБАЙ

Серіктес жаңалықтары