ФОТОПУБЛИЦИСТЕР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

ФОТОПУБЛИЦИСТЕР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

ФОТОПУБЛИЦИСТЕР КЛУБЫ АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
416

Сәуiрдiң 2-күнi әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнiң жанынан «Фотопублицистер клубы» ашылды. Баспа iсi және редакциялау кафедрасы ұйымдастырған клубтың тұсаукесер салтанатына тәжiрибелi фотожурналистер қатысты.

Ардагер фотограф Нұрманбет Қизатов, «Айқын» газетiнiң фототiлшiсi Айтжан Мырзанов, «Жас алаш» газетiнiң тiлшiсi Асылхан Абдрайым, «Алаш айнасы» газетiнiң фототiлшiсi Нұрғиса Елеубек, «Алматы ақшамы» газетiнiң фототiлшiсi Сәрсенбек Қызайбекұлы, «Жас қазақ» газетiнiң фототiлшiсi Серiк Өтегенұлы осы күнi студенттерге арнап шеберлiк сағаттарын өткiздi. Факультет дәлiзiнде фотокөрме де ұйымдастырылды.

Журналистика факультетiнiң деканы Ғалия Ибраева бұл клубты ашу идеясы көптен берi көкейде жүрген ой екенiн айта келiп, тәжiрибелi мамандар студенттердi осы мамандықтарына баулып, фотопублицистиканың қыр-сырын тануға талпындырар деген сенiм бiлдiрдi. Бұған дейiн қазақстандық фотожурналистиканың теориясы мен практикасы ғылыми негiзде тұжырымдалып, оны оқыту, үйрету әдiснамасы қолға алынбаған. Журналистика факультетiнiң жанынан құрылған «Фотопублицистер клубы» осы олқылықтың орнын толтырар деген үмiт бар.

Клуб әр аптаның жұма күнi сағат 15.00 пен 17.00 аралығында жұмыс iстейдi.

«Түркiстан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары