ҚЫТАЙ ШАХТАСЫНДА 33 КЕНШI IЗДЕСТIРIЛУДЕ

ҚЫТАЙ ШАХТАСЫНДА 33 КЕНШI IЗДЕСТIРIЛУДЕ

ҚЫТАЙ ШАХТАСЫНДА 33 КЕНШI IЗДЕСТIРIЛУДЕ
ашық дереккөзі
267

Қытайдың Шаньси аймағындағы шахтаны су басып қалды. Мұнда құтқарушылар шахта тереңiне жеткенiмен, 33 кеншi әлi де жер астында қалуда. 115 кеншi аман-есен жер үстiне шығарылды. Олар бiр апта бойы жер астында болғандықтан, әбден арып-ашыған екен. Қытайдың мемлекеттiк ақпарат құралдарының мәлiметтерi бойынша, құтқарушылар алты адамның мәйiтiн тапқан. Дегенмен, олар басқа кеншiлердiң тiрi екенiне сенiмдi. Жер астында бiр апта болған кеншiлердiң арасынан 60 адам арнаулы пойызбен Тайюань қаласына жеткiзiлдi. Мұнда медициналық күтiм апат орнына жақын жердегi Хежинь қалашығымен салыстырғанда бiрмаша жақсы делiнедi. Апат болған күнi шахтада 261 адам болған едi. Құтқарушылар 108 кеншiнi бiрден сыртқа шығарып алған. Су астында қалған кеншiлердi құтқаруға 3 мыңнан аса құтқарушы жұмылдырылды. Қытайдың көмiр өндiру саласы әлемдегi ең қауiптi сала болып саналады. Ресми деректер бойынша, Қытай энергетикасының 70 пайызы көмiрге тәуелдi. Былтыр Қытайдағы шахталарда 2631 адам опат болған. Ал шахталардың иелерi қаржысын үнемдеп, қауiпсiздiк сақтау шараларына тиiстi көңiл бөлмейдi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары