20 жыл...20 белес

20 жыл...20 белес

20 жыл...20 белес
ашық дереккөзі
473

Биыл Қазақстанның Президенттiк институтына 20 жыл толып отыр. Осыған орай, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың егемендi Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлi» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Әрине, бұл шара аты айтып тұрғандай, Елбасы Н.Назарбаевтың еңбек жолы мен Қазақстанды дамытуға қосқан үлесiн саралаудан басталды. Конференция барысында тәуелсiз Қазақстанның қалыптасу тарихы тұрғысында келелi әңгiмелер айтылып, мемлекетiмiздiң жаңа даму тарихындағы белгiлi оқиғалар мен Тұңғыш Президенттiң рөлi талқыланды.

1990 жылдың 24 сәуiрiнде Қазақ КСР-iнiң Жоғарғы Кеңесi «Қазақ КСР Президентiн тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңды қабылдау арқылы Қазақ КСР Президентiнiң қызметiн анықтады. Жоғарғы Кеңес 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақ КСР Коммунистiк партиясының Орталық комитетiнiң Бiрiншi хатшысы қызметiн атқарған Н.Ә.Назарбаевты Қазақ КСР-iнiң Президентi етiп тағайындағаны белгiлi. Ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында ҚР алғашқы жалпыұлттық сайлауында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентi болып сайланды. «Мiне, осы күннен бастап тәуелсiз Қазақстанның көк туы көкте желбiреп, әнұраны аспанда қалықтады. Тәй-тәй басқан елiмiздiң экономикалық әлеуетi де оң жолға қойылып, жаңа стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға талпындық. Көптеген қиыншылық кезең мен ауыртпалық жағдайды бастан кешкен Қазақ елiн бүгiнде әлем халқы танып бiлдi. Бұл елiмiздiң Тұңғыш Президентi Н.Ә.Назарбаевтың егемендi елiмiздiң дамуы мен қалыптасуына қосқан жемiстi еңбегi» деп бағалады конференцияға қатысушы ғалымдар, сарапшылар, ЖОО ректорлары мен Алматы қалалық Мәслихат депутаттары.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары