ДЕНСАУЛЫҚ КӨЗI – ОТТЕГI

ДЕНСАУЛЫҚ КӨЗI – ОТТЕГI

ДЕНСАУЛЫҚ КӨЗI – ОТТЕГI
ашық дереккөзі
548

Бiз күнделiктi өмiрде көп нәрсеге көңiл бөлмеймiз. Қандай ауамен тыныс аламыз, оның құрамында не бар екенiн тiптен ойланғымыз да келмейдi. Ал құрамы өзгерiп, оттегiнен гөрi әртүрлi газдардың құрамы көбейген ауаның адам денесiн уландыратыны жөнiнде тiптен есiмiзге де алмаймыз. Жылдан жылға әртүрлi газдармен уланған ауада оттегi жеткiлiктi болмауынан адамды әртүрлi ауруларға шалдықтырады.

Содан тұран таблеткалардың әсерiн сезбей, өзiмiзден-өзiмiз бей-жай боламыз, күннен күнге, айдан-айға беймаза халге түсiп, жүргенiмiз.

Ал бұл көрiнiстiң жауабы бiлiктi дәрiгерлерге белгiлi. Ол жылдан жылға қордаланған – гипоксия (адам денесiндегi оттегiнiң кемуi). Яғни экологиялық және ауаның құрамындағы оттегiнiң кемуiне байланысты адам денесiндегi оттегiнiң тұрақты жеткiлiксiздiгi.

Доктор Филипп Стэвинстiң айтуы бойынша: "Оттегiнiң жеткiлiксiздiгi иммундық жүйенi өзгертедi, ол вирустық ауруларды көбейтiп, клеткалардың зақымдануына алып келедi де, қанның құрамында улы заттарды (токсиндердi) көбейтiп, қартаюды жеделдетедi".

Нобель сыйлығының екi дүркiн лауреаты, клеткадағы оттегiннiң алмасуын зерттеген ғалым Отто Варбургтың қорытындысы мынау: "Оттегiсiз клеткалар өнбейдi, тек қана өледi".

Осы түссiз, иiссiз газдың арқасында адам демалып қана қоймайды, ағзасына түскен тағамдық заттардан энергия алып, физиологиялық процесстердi атқарады. Сондықтан оттегiнiң созылмалы жеткiлiксiздiгiнен адам денесiнде оттегi азайып, әртүрлi ауруларға алып келедi. Барлық қабыну процесстерiнде де қан айналымының бұзылуына байланысты қызыл қан түйiршiктерiнде (эритроциттер) оттегiнiң құрамы төмендейдi, клеткалардың мембраналары зақымдалып, әртүрлi аурулар пайда болады.

Оттегi жеткiлiксiздiгi барлық жүйелер мен органдарға әсерiн тигiзедi, әсiресе: жүрекке, өкпеге, миға, бауырға және тағы басқаларға. Шешiм белгiлi. Оттегiнiң – өте керектi химиялық элемент екенi түсiнiктi, оның мағынасы – өмiр.

Адам организмi тамақсыз айлап өмiр сүрсе, сусыз – апталап, ал ауасыз яғни оттегiсiз бiрнеше минут қана өмiр сүредi.

Адам оттегiсiз өмiр сүре алмайтыны бесенеден белгiлi жәй. Өйткенi 90 пайыз өмiр сүру энергиясын беретiн – оттегi.

Оттегi адамның өмiр сүру процессiне тiкелей қатысады: үлкен қан айналымы өкпеге барып оттегiмен қаныққаннан кейiн барлық органдарды оттегiмен қамтамасыз етедi. Сондықтан оттегiнiң жеткiлiксiздiгi немесе құрамының өзгеруi әртүрлi ауруларға әкелуi сөзсiз.

Оттегiнiң жетiспеуi (гипоксия) – қазiргi дәуiрдегi ең қатерлi себептердiң бiрi, өйткенi жылдан жылға ауаның құрамында оттегi азайып, әртүрлi улы заттар көбейiп барады. Мәселен бiр автомобиль адамның жылдық пайдаланатын оттегiсiн жойып жiбередi екен.

Адам ағзасының қалыпты жағдайда жұмыс iстеуi үшiн ауаның құрамында кем дегенде 21 пайыз оттегi болуы керек. Әртүрлi экологиялық жағдайларға байланысты iрi қалаларда бұл мөлшер 10-12 пайызға төмендеуде. Ал Алматы қаласында бұл көрсеткiш 17 пайыздан аспайды.

Оттегi жетiспеген адамдар тұрақты шаршау, әлсiздiк сезiмдермен (ұйықтаса да, тұрса да) жүредi. Бұл жағдай адамның тез қартаюына әкелiп соғады.

Көптеген зерттеулерге қарағанда, үлкен қалаларда оттегi жеткiлiксiздiгi айқын сезiледi. Сондықтан қала тұрғындарында гипоксия белгiлерi жиi байқалады:

Жалпы әлсiздiк, бұлшық еттердiң ауруы, терi түсiнiң өзгеруi, депрессия, ұйқының бұзылуы, дене қозғалысының азаюы, бастың айналуы, ауруы, ашушаңдық, шаршау, ұмытшақтық, ойлау қабiлетiнiң төмендеуi, зат алмасудың бұзылуы, салмақтың ұлғаюы, асқорытудың нашарлауы, жыныстық қатынастың төмендеуi, суыққа шыдамдылықтың әлсiреуi, грипп және инфекциялық аурулар, иммунитеттiң нашарлауы.

Осының бәрiн қорытындылағанда қарапайым ғана шешiм туады, ол – адам денесiнде оттегiнiң мөлшерiн көбейту мәселесi.

Бiрақ, оттегiнi қайдан алу керек?

Оның шешiмi бiреу – қазiргi заманның медицинасына сай жаңа тәсiлдердi пайдаланып, оттегiмен емдеу.

Оттегiмен емдеу қазiргi дәуiрде ғылыми және тәжiрибелiк тұрғыда дәлелденген. Яғни бұл әдiс талай ауруларды емдейтiн және алдын алатын әдiстемелерге жатады.

Оттегiнiң жетiспеушiлiгiнен құтылғаннан кейiн адам денесiндегi көптеген процесстер қалпына келедi. Әсiресе улану процессiнен арылғаннан адам ағзасының қорғаныс мүмкiншiлiктерi көтерiлiп, қан айналымы жақсарып, микроциркуляция дұрысталады. Оттегiмен емделген адамдардың тыныс жолдары кеңейiп, жұмыс қабiлетi ұлғаяды әрi қайрат-жiгерi арта түседi.

Заманауи технологияның көмегiмен кәдiмгi ауадан оттегi алатын құралдар күнделiктi тұрмысқа енгiзiлдi. Олар оттегiлiк концентраторлар.

Оттегiлiк концентраторлардың жұмыс iстеуi үшiн бөлмелердегi қарапайым электрлiк нүкте ғана қажет. Оларды медициналық мекемелерден, үйде, кеңселерде, спортзалдарда, тiптен автокөлiктiң iшiнде қолдануға да болады. Оттегiлiк концентраторлардың көмегiмен алынған медициналық оттегiнiң ешқандай жанама әсерi жоқ. Сондықтан оны балаларға, жүктi әйелдерге және қарттарға да қолдануға болады.

Сонымен оттегiлiк концентратор бөлмедегi ауаның құрамын тазартып, оттегiмен байытып, адам ағзасын қуаттандыра түседi.

Оттегiмен емдеу адамның өмiр сүру мүмкiншiлiгiн арттырады; қозғалыс қасиетiн жоғарылатады; творчестволық қабiлеттi ұлғайтады; шаршағандықты, ұйқысыздықты, депрессияны жояды; иммунитеттi нығайтып, барлық аурулардың алдын алады; терiнi әдемiлей түседi; балалардың миының жұмысын жақсартады; қартаю процестерiн тоқтатады.

Оттегi концентраторлары түрлi ауыр ауруларға: тыныс демiкпесi (бронхтар астмасы), жүректiң ишемиялық аурулары, жүрек етiнiң жеткiлiксiздiгi, қант диабетi, бронхоэктаздық ауру, ревматизм, остеохондроз, пневмофиброз, пневмокониоз, эмфизема және тағы басқаларға мың да бiр ем.

Темекi шегушiлерге, тұрақты стрессте және ауыр жұмыста жүргендерге, жүктi әйелдерге, нәрестенiң гипоксияға шалдықпауына, әлсiреген және жиi ауыратын балаларға да көмектеседi.

Көбiмiздiң өмiрiмiз тас бетiнде өтiп жатыр, экологиялық қамаудамыз. Бiр жұтым таза ауа өмiрiмiзге Сахарадағы бiр жұтым таза судай қажет. Ал 15-20 минут оттегiлiк концентратордан дем алу өмiрдi ұзартады. Ол шыршалы орманда немесе теңiз жағасында 3 сағат қыдырғанмен тең.

Сондықтан өмiрiмiздi сапалы етiп, ұзартқымыз келсе, таза ауаның қасиетiн бiлуге тиiспiз. Дәрiханадан таблетка алуға асықпаған жөн.

Әлихан ЖҮСIПОВ

Серіктес жаңалықтары