«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ӨЗ МӘРЕСIНЕ ЖЕТТI

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ӨЗ МӘРЕСIНЕ ЖЕТТI

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ӨЗ МӘРЕСIНЕ ЖЕТТI
ашық дереккөзі
272

Астана қаласында KATEV Халықаралық қоғамдық қоры мен «Тiл» республикалық ақпараттық-сараптамалық журналының ұйымдастыруымен жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң қазақ және өзге ұлт топтарында оқитын оқушылар арасында мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн анықтау мақсатында «Жарқын болашақ» атты республикалық олимпиадасы болып өттi.

Мұндағы мақсат – Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, дамыту. Және қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерi бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету. Олимпиадада оқушылардың қазақ халқының тiлi, әдебиетi, салт-дәстүрi, тарихы, мәдениетi секiлдi ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өз-өзiн дамытуына және қабiлетiн ұштауға ықпал ету мiндеттеледi.

Олимпиадаға 39 мектептен 69 оқушы қатысып, бақтарын сынады (оның iшiнде 43 оқушы ҚТЛ-дiң оқушысы). Олар алты бағыт бойынша екi топқа (қазақ және өзге ұлт өкiлдерi) бөлiнiп, өз өнерлерi мен бiлiмдерiн ортаға салды. Тiл бiлiмi, ән айту, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым, ғылыми жоба қорғау және өлкетану тақырыбы бойынша үздiк шыққандар Олимпиаданың жүлдегерлерi атанып, KATEV ХҚҚ-ның I, II, III дәрежелi дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, салтанатты шара барысында жеңiмпаз оқушылардың мұғалiмдерi де мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен, Олимпиаданың бас жүлдесi Қарaғанды қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрiк ерлер лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Айтжан Марленге берiлсе, олимпиаданың финалына қатысқан 11-сынып оқушыларына Сүлейман Демирел Университетiнiң гранты табыс етiлдi. «Сахна саңлақтары» бағыты бойынша, бiрiншi орынды – Мұқан Жанұзақов, Елтай Еркеғали, Мирас Түстiкбаев, Мақсат Рахманқұлов, Айбек Тойшебеков иемденсе, екiншi орын – Асанбай Акментаевқа, Амануллатегi Темирланға, Жақыпбек Еркiнбекке, Ықылас Шермағамбетовке, Касим Расимге бұйырды. Ал, «Тiл бiлiмi» бағыты (қазақ тобы) бойынша, бiрiншi орынға Ақан Катренов, екiншi орынға Нұрманбетова Жания, үшiншi орынға Файзулла Алпамыс лайық деп танылса, өзге ұлт тобынан бiрiншi орын – Азиз Теймуровқа, екiншi орын – Ксения Придатченкоға, үшiншi орын – Никита Цыбаға берiлдi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары