ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТI ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ НАСИХАТТАУ

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТI ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ НАСИХАТТАУ

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТI ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ НАСИХАТТАУ
ашық дереккөзі
280

Өткен аптада Астана қаласында, ҚР Ұлттық академиялық кiтапханасының «Сұхбат» залында «Ұлттық мәдениеттi интернет арқылы насихаттау және көпшiлiкке тарату» тақырыбында дөңгелек үстел өттi.

Жаһандану дәуiрiнде ұлттық мәдениетiмiздi, өнерiмiз бен салт-дәстүрiмiздi, рухани құндылықтарымызды насихаттау, жеткiзу, тарату — ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан киелi мұра. Бұл орайда, қазiргi дәуiр дамуына сәйкес, ұлттық құндылықтар жайлы үгiт-насихат iсiне ғаламтордың әлеуетiн пайдалану қажет iс.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында Астана қаласы Iшкi саясат басқармасының қолдауымен iске асып жатқан «Ұлттық мәдениеттi интернет арқылы насихаттау және көпшiлiкке тарату» атты әлеуметтiк жоба жұмысы жүргiзiлуде.

Ұлттық құндылықтарымызды, салт дәстүрлерiмiздi және классикалық шығармаларымызды, ұлттық мәдениетiмiздi ақпараттық технология арқылы насихаттау, бiлiм, ғылым, мәдениет және басқадай көптеген салалардағы мәлiметтердi интернетке жариялау, мемлекеттiк тiлдiң қолданысын өмiрде және электронды кеңiстiкте кеңiнен пайдалануына мүмкiндiк беру.

15-16 бөлiмнен тұратын ұлттық мәдениеттi ғаламтор арқылы насихаттауға арналған «Қазақмирас» www.kazakhmiras.kz веб порталы ашылды.

Веб порталдың авторы және жетекшiсi халқымызға белгiлi продюсер Болманов Қыдырәлi. Жобаның орындаушысы «Мәссаған» ұлттық веб порталы демеушiлерiнiң «Жiгер» одағы қоғамдық бiрлестiгi.

Дөңгелек үстел отырысына Астана қаласы Iшкi саясат басқармасының Үкiметтiк емес ұйымдармен және дiни бiрлестiктермен жұмыс жөнiндегi бөлiмнiң бастығы Қамашев Руслан Қаубекұлы, www.kazakhmiras.kz веб порталдың авторы және жетекшiсi продюсер, әншi Болманов Қыдырәлi Нұртайұлы, ҚР Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң өкiлi Байбосын Айдос Айдарұлы, Қазақ Ұлттық өнер университетiнiң аға ұстазы, ҚР-ның мәдениет қайраткерi, «Ғарифолла Құрманғалиев мектебi»-нiң оқытушысы Мырзабаева Светлана Қарашқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнiң педагогика кафедрасының «Дәстүрлi музыка өнер» мамандығының аға оқытушысы Рымхан Әбiлханұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнiң доцентi, филология ғылымдарының кандидаты, филология факультетi деканының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Дүйсенғазин Серiкзат Мақсұтұлы, «Қазақ Интернетi» қоғамдық бiрлестiгiнiң бас директоры Серiкқазы Кәкiбаланов, ҚР Ұлттық академиялық кiтапханасының ғылыми қызметкерлерi Зәуре Әмiрханова, Қалихан Бесжанов, Нұржан Жолдыбаев және БАҚ өкiлдерi қатысып ұлттық құндылықтарымызды, салт дәстүрлерiмiздi және классикалық шығармаларымызды, ұлттық мәдениетiмiздi ақпараттық технология арқылы насихаттау, бiлiм, ғылым, мәдениет және басқадай көптеген салалардағы мәлiметтердi интернетке жариялау, мемлекеттiк тiлдiң қолданысын өмiрде және электронды кеңiстiкте кеңiнен пайдалануына мүмкiндiк беру туралы сөз қозғады.

Дөңгелек үстел отырысы аясында ұлттық мәдениеттi, қазақтың ән мен күйiн, биi мен жырын насихаттау бағытындағы үздiк мақалаларға жарияланған онлайн байқауының қортындысы шығарылды.

«Түркiстан» ақпарат

Серіктес жаңалықтары