Телжан ШОНАНҰЛЫ: ҚАЗАҚ ЖЕР МӘСЕЛЕСIНIҢ ТАРИХЫ

Телжан ШОНАНҰЛЫ: ҚАЗАҚ ЖЕР МӘСЕЛЕСIНIҢ ТАРИХЫ

Телжан ШОНАНҰЛЫ: ҚАЗАҚ ЖЕР МӘСЕЛЕСIНIҢ ТАРИХЫ
ашық дереккөзі
933

…Қазақ бұл күнге шейiн ерiгiп көшiп жүрген жоқ. Тұрмыс, табиғат заңдары қазақты амалсыз көшiрiп келдi. Қазақтың көшуiн "дағды" дей-ақ қоялық. Ал дағдының өзi не? Дағды дегенiмiз – салттың бiр атасының ұлы. Ғылым тiлiмен қысқаша айтқанда: салт-өндiрiс қатынастарының, тұрмыс жүйесiнiң үстiндегi бiр қондырма нәрсе. Қазақша айтамыз десек: тұрмыс жабдығы – адам тұрмысының, салтының, барлық әдет-ғұрпының, сол айтып отырған "дағдымыздың" – бәрiнiң қожасы. "Ас – адамның арқауы" дегендей, тiршiлiк жабдығы дегенiмiз – салт-сананың, әдет-дағдының, заң мен дiннiң – бәрiнiң арқауы. Сондықтан қазақ көшпендi болуының да арқауы – сол тiршiлiк жабдығы өндiрiс қатынастары болмақшы. Сол көшпелiлiктiң арқауы қайдан шыққанын жоғарыдағы қате түсiнушiлер бiлсе екен деймiз.

Серіктес жаңалықтары