254
КӘСIПКЕРЛIКТIҢ КҮЙI МЕН КҮЙБЕҢI
КӘСIПКЕРЛIКТIҢ КҮЙI МЕН КҮЙБЕҢI
Мемлекеттiң сенiмдi тiрегi саналатын орташа топты қалыптастыру үшiн қоғамдағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жағдайы жақсы болуы шарт. Бюрократиялық кедергiлерге көп кездесетiн отандық кәсiпкерлiкке билiк тарапынан қандай қолдау көрсетiлгенi жөн? Бизнес ахуалды жақсартуға бағытталған сан түрлi әдiстердiң нәтижелерi қандай? Кәсiпкерлердiң заң шеңберiнде әрекет етуге құлшынысын арттыратын басты қағидалар қандай? деген сауалдарға сарапшылар тағы да жауап iздедi.
"Самұрық-Қазына" Қоры жанындағы қоғамдық-консультациялық Кеңестiң кезектi отырысына қатысушылар "Даму" Кәсiпкерлiктi дамыту Қоры" 2009 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жүзеге асырған "Бизнес-Кеңесшi" бағдарламасы шеңберiнде Қазақстандағы орта және шағын кәсiпкерлiктiң жағдайы мен мәселелерiн талдау бойынша жүргiзiлген кешендi зерттеулердi ортаға салып, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, "Нұр-Отан" партиясы және Ресейдiң "Общественный договор" ұлттық жобасы Институтының "орта және шағын кәсiпкерлiктiң құрылымдық ортасын жақсартуға деген жаңа көзқарасы: жағымды интеграция" атты 2008 жылдан бастап қолға алған бiрiккен жобасының қорытындыларымен бөлiстi. Елiмiздегi бизнес ортаны жетiлдiруге арналған жаңа көзқарасты жоба авторлары жағымды интеграция ретiнде бағалап отыр. Бұған дейiн бизнес климатты жақсартуда Қазақстанда қолданылып келген "бюрократиядан арылу" әдiсiне қарағанда, "жағымды интеграция" әдiсi "билiк – бизнес – қоғам" ынтымақтастығы негiзiнде орта және шағын кәсiпкерлiктiң тиiмдiлiгiн арттыруды көздейдi. Ал "бюрократиядан арылу" әдiсi шенеунiктердi шектеу арқылы әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуға арналған болатын. Жоба кәсiпкерлердiң мемлекеттiк қызметтердi жетiлдiру жолында өздерiнiң бар қиындықты ашып көрсетiп, оларды шешу жолдарын iздеудi, осылайша тиiмдi жұмыс iстеудi көздейдi. Яғни, қалыптасқан жүйенi тексеру тәжiрбиесi арқылы заң талаптарына сай немесе нормативтi-құқықтық актiлерге сәйкес лицензия алу. Сөйтiп, қойылатын заңдық талаптар мен тәжiрибе жүзiндегi нәтиже арасының алшақтығы таразы басына тартылу арқылы жаңа шаралар қабылданады. Егер қабылданған шаралар кәсiпкерлердiң жұмыс iстеуiне игi әсер ете алмады деп шешiлсе, онда аталған шаралардың күшiн жою көзделедi. "Общественный договор" ұлттық жобасы Институтының бағдарламалық директоры Светлана Маковецканың айтуына қарағанда, ұсынылып отырған әдiс мемлекеттiк органдарда жүргiзiлетiн әкiмшiлiк кедергiлердi тоқтатуға негiзделмеген. "Бiз бизнеске көрсетiлiп отырған мемлекеттiк қызметтiң мониторингi бойынша, бiраз әдiстемелiк шешiмдер жиынтығын ұсындық. Бұл құжат кәсiпкердiң қиындықтарды шеше отырып, белсендi түрде әрекет етуiне ықпал етпек. Ал "Общественный договор" ұлттық жобасы Институтының президентi Александр Аузан ұсынылып отырған әдiстеме билiк пен бизнестiң ынтымақтығына керi әсер етпейтiнiн айтады: "Шын мәнiнде "бюрократия" дегенiмiздiң өзiн өндiрiстiк қауым деп атауға болады. Сондықтан, шенеунiк өз орнында отырып алып, жұмысқа кедергi келтiредi деп айтуға болмайды. Бюрократиямен де келiсiмге келе бiлудi үйрену керек. Сонда ғана мемлекеттiк қызметтi тұтынушы өзiне қажеттi нәрсенi алады. Мiне, кооперациялық ынтымақтастықтың мәнi осында". Кеңестiң Төрағасы, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Басқарма Төрағасы Қайрат Келiмбетов: "Бiрiккен жоба Қазақстан қоғамына мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың балама жолын ұсынады, ол бизнес климаттың жақсаруына оң ықпал етедi", – дедi. Отандық шағын және орта кәсiпкерлiктiң бүгiнгi ахуалы мен қиындықтары жан-жақты талқыға салынған бұл кеңеске "Ракурс" Орталығы, "KazEnergy" Қауымдастығы, Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы, "Атамекен" Одағы мен Қазақстан сауда-өнеркәсiптiк палатасының өкiлдерi қатысты.Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ