ЖАСТАР СУЫҚ ҚАРУҒА ҚҰМАР

ЖАСТАР СУЫҚ ҚАРУҒА ҚҰМАР

ЖАСТАР СУЫҚ ҚАРУҒА ҚҰМАР
ашық дереккөзі
437

Жас балалардың қолымен жасалатын ұрып-соғу, ұрлық-қарлық, көлiк ұрлау, бұзақылық жиiлеп кеттi. Мұндай қылмыс түрлерi көбiне мектеп пен жоғарғы және арнайы оқу орындарының маңында жасалады. Өткен жұмада қаладағы 18 колледж бен 19 жоғарғы оқу орны орналасқан Алмалы ауданындағы Алматы экономикалық колледжiнде аудан прокуроры Ержан Қожабеков жасөспiрiм студенттермен кездесу өткiздi.

Соңғы кездерi Алматы қаласында жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс өршiп тұр. 14 жастан асқан балалар қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатыны белгiлi. Жасөспiрiмдер қылмысының 9-10 пайызы қоғамдық тәртiпке және адам денсаулығына зиян келтiредi екен. Әсiресе, топтасып ұрып-соғу, суық қарумен жаралау тым көп тiркелген. Е.Қожабековтың айтуынша, жастар арасындағы ең көп орын алатын қылмыс – суық қару, наша сақтау, есiрткi және заңсыз тартып алу, жалған тауар дайындау болып табылады.

Бесiктен белi шықпаған жасөспiрiмдердi қылмысқа итермелейтiн арнайы топтың саны да басым. Кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың қылмысының 30 пайызы ересек адамдардың бұйыруымен болады. Сондай-ақ, 16-17 жасқа қарағанда, 14-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер қылмысқа жақын боп отыр. Көп жағдайда қылмысқа жергiлiктi жердiң, яғни Алматы қаласының тұрғындары барады екен.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары