1 МИЛЛИОН 400 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БӨЛIНДI

1 МИЛЛИОН 400 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БӨЛIНДI

1 МИЛЛИОН 400 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БӨЛIНДI
ашық дереккөзі
392

Шығыс Қазақстан облысында көктемгi тасқын судан зардап шеккен жергiлiктi тұрғындарға көмек көрсету басталды.

Тарбағатай ауданындағы Көкжыра мен Жәнтiкей ауылдарында жаңа үйлердiң құрылысы қолға алынып, алғашқы кiрпiшi де қаланып қойылды. Облыстық әкiмшiлiктiң мәлiметi бойынша, Көкжыра ауылында 201 үй салу, Жәнтiкейде 191 үйдi тұрғызу жұмыстары басталып та кеттi. Ал ең бастысы, мал-мүлкiнен айрылған тұрғындарға несие берiлу жолдары бiр ретке қойылды. Жыл сайын 2 пайыздық өсiммен әрбiр үйге 1 миллион 400 мың теңгеден қаржы үлестiрiлмек.

А.Бейiмбетқызы

Серіктес жаңалықтары