ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
ашық дереккөзі
233

Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты – жұмыс орындарын ашу және халықты ел экономикасына тарту

Қазақстанның мемлекеттiк әлеуметтiк саясатындағы басты басымдық еңбекке қабiлеттi жастағы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Биылғы Жолдауда Елбасы 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейiн 5 пайызға дейiн төмендету мiндетiн қойып отыр.

Облыста бұл көрсеткiшке жету үшiн iс-шаралар жоспары бекiтiлiп, аудандар мен қалалар бойынша нақты көрсеткiштер белгiленiп, оған қажеттi қаржы бөлiндi. Қазiр жұмыссыздық деңгейi облыс бойынша 6,3 пайызды құрап, республикалық көрсеткiштiң деңгейiнде қалыптасып отыр, соңғы екi жылдың iшiнде жұмыссыздық деңгейi 0,6 пайызға төмендедi. Оған 32 мың жаңа жұмыс орындарының ашылуы, 53,4 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылуы оң әсерiн тигiзгенi күмәнсiз.

Жолдаудағы Елбасының кәсiпкерлiктiң, бәрiнен бұрын шағын және орта бизнестiң жаңа тобын дамыту есебiнен тұрақты жұмыс орындарын ашу бойынша қойылған мiндеттерiн орындау үшiн 2009 жылдан бастап "Жол картасы" шеңберiнде инвестициялық жобалар бойынша жұмыс орындары ашылып, кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, жастар практикасы және әлеуметтiк жұмыс орындарын ашу арқылы жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы бұл жұмыстар жалғасуда.

Оңтүстiк Қазақстан облысының халқын әлеуметтiк қолдауға арналған 2009-2011 жылдарға iс-шара жоспары бойынша 2010 жылы 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашу, 17 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамту, 9,5 мың адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру, облыстың даму стратегиясына және еңбек рыногының сұранысына сәйкес 1,6 мың адамның кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру көзделген. Осы жұмыстарға жергiлiктi бюджеттерден 311 млн.теңге қаралды.

Осы жылдың 1 тоқсанында облыс бойынша 2063 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның iшiнде экономикалық салалар бойынша: ауыл шаруашылығында – 277 орын, өндiрiсте – 365 орын, құрылыс саласында – 428 орын. Жалпы ашылған жұмыс орындарының 1733-i немесе 84 пайызы тұрақты жұмыс орындары болса, уақытша жұмыс орындарының үлесi 16 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту органдарына жұмыс iздеп келген 16,3 мың адамның 8,4 мыңы немесе 52 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды, 2150 жұмыссыздар ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес 1045 адам кәсiби даярлауға, қайта даярлауға жiберiлдi.

2010 жылы "Жол картасы" шеңберiнде 426 инвестициялық жобалар негiзiнде 19687 орын ашылмақ, оларға жұмыспен қамту органдарының жолдамасымен 80 пайызы, яғни, 15746 адам жұмысқа орналасады деп жоспарланған.

Аудандар мен қалалардан алдын-ала алынған мәлiметтерге сәйкес, бүгiнгi таңға 22 инвестициялық жобалар бойынша 4012 жаңа жұмыс орындарына азаматтар тартылды, оның iшiнде 2441 жұмыссыздар жұмыспен қамту органдарының ықпалымен жұмысқа орналасуға мүмкiндiк алды. Бұл жұмыстар жалғаса бермекшi.

2010 жылы қайта даярлау қысқа мерзiмдiк курстарына 1000 адам жiберiлдi, бүгiнгi таңға жұмыссыздар қосымша мамандық алу мақсатында оқу процесiне қатысуда, оқуды аяқтаған соң инвестициялық жобалар бойынша жұмыспен қамтылатын болады.

Сонымен бiрге, "Жол картасы" шеңберiнде нысаналы топтағы азаматтарға арналып 2300 әлеуметтiк жұмыс орындарын ашуға және 6500 оқу бiтiрушiлерге Жастар практикасын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 1056 млн.теңге қаралды. Жоспарға сәйкес, "Жастар практикасы" өз жұмысын ақпан айынан бастаса, әлеуметтiк жұмыс орындарына наурыз айынан жiберiлуде.

Нақтырақ айтсақ, осы жылы 284 кәсiпорындармен келiсiм шарттар түзiлiп, 2156 нысаналы топтағы азаматтар әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа тартылды. Оған республикалық бюджеттен 13,8 млн.теңге төлендi, әрбiр қатысушылардың орташа айлық жалақысы 35 мың теңгенi құрады.

Оған қоса, ағымдағы жылдың басынан "Жастар практикасы" бойынша 900 кәсiпорындармен келiсiм шарт жасалып, еңбек дағдысын алуға жұмыссыз жүрген 3012 жас маман жiберiлдi, бұл жұмыстарға 78 млн.теңге игерiлдi.

Облыс бойынша 2010 жылдың 1 сәуiрiне 16514 адам тiркелген жұмыссыздар есебiнде тұр. Жұмыс күшiне сұраныс 963 бiрлiк, немесе әрбiр бос жұмыс орнына 17 тiркелген жұмыссыздан келуде.

Елбасының жұмыссыздық деңгейi 5 пайыздан аспауы жөнiнде қойған мiндетiн орындау үшiн облыс көлемiнде жыл сайын жұмыссыздық деңгейiн 0,2 пайызға төмендету көзделуде.

Ж.Мәуленқұлов.Оңтүстiк Қазақстан облысының

жұмыспен қамтуды үйлестiру

және әлеуметтiк бағдарламалар

басқармасының бастығы

Серіктес жаңалықтары