"БИЗНЕСТIҢ ЖОЛ КАРТАСЫ — 2020"

"БИЗНЕСТIҢ ЖОЛ КАРТАСЫ — 2020"

"БИЗНЕСТIҢ ЖОЛ КАРТАСЫ — 2020"
ашық дереккөзі
245

Таяуда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерiн субсидиялау бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау және "Бизнестiң жол картасы – 2020" бағдарламасын тиiмдi жүзеге асыру жөнiндегi кепiлдiк беру келiсiмдерiне қол қойылды. Аталмыш шараға ҚР Экономикалық даму және сауда министрлiгi мен "Даму" кәсiпкерлiктi дамыту қоры АҚ және Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясы қатысты.

Бұл келiсiмдерге сәйкес жеке кәсiпкерлерге мемлекеттiк қолдау көрсетiлген және бағдарламаға қатысушы субъектiлердiң байланыс тәртiбi ретке қойылды. Себебi, осы тәртiп арқылы қатысушылардың құқығының бiрдей қорғалуы жолға қойылады.

"Бизнестiң жол картасы 2020" бағдарламасы 2014 жылға дейiнгi Мемлекеттiк үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын iске асыру механизмдерiнiң бiрi болып табылады. Сондай-ақ экономиканың шикiзаттық емес секторларындағы өңiрлiк кәсiпкерлiктiң тұрақты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау көзделiп отыр. Бағдарлама екi кезеңде 2010-1014 және 2015-2020 жылдар аралығында, үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Оған республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қарастырылып отыр. Алдымен, жаңа бизнес бастамаларын қолдауға 12 млрд., биыл кәсiпкерлiк секторды сауықтыруға 16 млрд., ал 2010 жылы экспортқа арналған өндiрiстi қолдауға 2 млрд. теңге бөлiнедi деп жоспарланған.

Банктер несиенiң 12 пайыз мөлшерлемемен берсе, оның 5 пайызын мемлекет өтейдi. Жаңа мемлекеттiк бағдарлама кәсiпкерлiк бастамашылдықты ынталандыруға жаңа серпiн беруге тиiс. Оны әзiрлеуге кәсiпкерлiк саласының өкiлдерi де атсалысқан. "Қазiр қаржылық рерурстарға деген сұраныс мол. Сондықтан ең алдымен қаржылай қолдау көрсетiледi", – дедi "Даму" кәсiпкерлiктi дамыту қоры басқарма төрағасының кеңесшiсi Н.Құрманқұлов.

Бұл бағдарламаға қатысушылар үшiн экономиканың басым секторлары ретiнде агроөнеркәсiп, кен өндiру, жеңiл өнеркәсiп, металлургия, туризм, денсаулық сақтау және ақпарат пен байланыс саласы қарастырылған.

Жеңiлдетiлген несие алу үшiн кәсiпкерлер ертең-ақ өтiнiш бере алады. Ал жауабы бес күн iшiнде белгiлi болады. Айта кету керек, қаржылық қолдаудан бөлек бизнестiң жол картасы, басқа да ынталандыру шараларын қамтиды. Алдағы он жыл iшiнде оларды кезең-кезеңмен даму институттары жүзеге асырады.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары