ҚАЗАҚТЫҢ ТIКҰШАҒЫ АСПАНДА ҚАЛЫҚТАДЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ТIКҰШАҒЫ АСПАНДА ҚАЛЫҚТАДЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ТIКҰШАҒЫ АСПАНДА ҚАЛЫҚТАДЫ
ашық дереккөзі
301

Елiмiзде тiкұшақ жасалатын болады. Шымкент қаласының авиақұрылысшылары американдық Hammingbird маркалы тiкұшағын Қазақстанда құрастырмақшы Төрторынды оймақтай тiкұшақ ауылшаруашылығында, санавиация және төтенше жағдайларда қолданылмақ.

Бұл тiкұшаққа кез келген адам тапсырыс берiп, сатып алу мүмкiндiгiне ие. Себебi, әуекөлiгiнiң осы түрi өте икемдi. Жанармай құю бекеттерiне оңай қона алады екен. Тiкұшақтың ұшып-қонуына АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинi жеткiлiктi. Ал бағасы – 500 мың АҚШ доллары тұрады.

Әуе көлiгiн үйрену де қиынға соқпайтын көрiнедi. Аталмыш тiкұшақты құрастыратын компанияның директоры Әбубәкiр Төлегенов жүргiзудi өздерi-ақ меңгерiп кететiндiгiн айтып отыр. "Бұл тiкұшақта екi винт, ал американдықтарда бiреуi ғана айналады. Осы екi винттiң арқасында тiкұшақты жүргiзу оңай. Мұны құрастыру оңай шаруа емес, сондықтан оған ешкiм батылы бара бермейдi", – дейдi Ә.Төлегенов.

Десе де Қазақстаннан өз техникаларымыз құрастырылса деген арман да жоқ емес. Елiмiз түрлi отандық техниканы шығарып көрдi десек қателеспеймiз. Отандық өнертапқыштар да құрқол қарап отырған жоқ. Кей-кейде қаржылай жәрдем, үкiметтiк қолдау жетiспей жатады. Мәселен, 1996 жылы Алматыда Кореяның автокөлiк жасау зауыты "Тұлпар" көлiгiн құрастыруды қолға алған едi. Бiрақ оның ғұмыры қысқа болды. Алдыңғы жылдары қазақ эмблемалары қойылған ұялы телефон да жасалды. Бiрақ ол да нарыққа бейiмделе алмады. Отандық өнiмдердiң ғұмыры жанбай жатып сөнетiнi күйдiредi.

Дайана ТОҚБЕРГЕНОВА, ҚазҰУ-дiң II курс студентi

Серіктес жаңалықтары