ҚОҒАМ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АРЫЛМАЙЫНША, IЛГЕРI БАСПАЙДЫ

ҚОҒАМ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АРЫЛМАЙЫНША, IЛГЕРI БАСПАЙДЫ

ҚОҒАМ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АРЫЛМАЙЫНША, IЛГЕРI БАСПАЙДЫ
ашық дереккөзі
211

Қазақ қоғамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейте түстi. Тамырын кескен сайын қаулап шығатын арамшөп сияқты нәрсе екен бұл. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластықты түп-тұқиянымен құрту заңнамалық құжатпен ғана жүзеге асатын шаруа.

БҰҰ-ның «Сыбайласқан жемқорлық туралы» конвенциясына сәйкестендiру мақсатында үшiншi тұлғаның пайдасы үшiн пара алуды жазалау туралы өлшем енгiзiлдi. Сыбайласқан жемқорлыққа қатысы болу – мемлекеттiк қызметтен аластатудың бiрден-бiр себебi болмақ. Экономикалық ұрлықы тауарларға қатысты қылмыстарға қатысатындарға да айыппұл өлшемдерi енгiзiлiп отыр. Бiр сөзбен айтқанда, сыбайласқан жемқорлыққа қатысты күрестiң тиiмдiлiгiн барынша арттыруды көздейтiн жаңа заң бiр қарағанда өмiрдiң шынайы жағдайларын толық ескергендей. «Жемқорлыққа қарсы күрес елiмiзде жылдан жылға күшейiп келедi. Парламентте бiрнеше заң қабылданды. Оның iшiнде «Сыбайластық жемқорлық туралы» негiзгi заң бар. Алайда, қаншама тәртiптiк кеңес, ұйымдар құрылып жатса да, қылмыстың бұл түрi жылдан жылға өршiп келедi. Әсiресе, мемлекеттiк сатып алу шараларының 80 пайызы сыбайласқан қылмыстан тұрады. Нақ осы салада миллиардтаған бюджет қаржысы талан-таражға да түсiп жатыр. Естерiңiзде болса, Елбасы Н.Назарбаев жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi республикалық форумда: «Бiздiң елiмiзде сыбайлас жемқорлық туралы сөз болғанда мiндеттi түрде тек қана мемлекеттiк қызметшiлер айтылады. Алайда жеке секторларда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар аз емес. Әлемдiк қаржы дағдарысы жағдайында «корпоративтi жемқорлық» мәселесiне ерекше көңiл бөлу қажет сияқты. Онымен күресу үшiн жақында қаржы жүйесiнiң тұрақтылығы туралы заң қабылданды. Айлакер кәсiпкерлердiң жемқор шенеунiктерге жол берушiлiгi мемлекеттiң қаржы тұрақтылығын әлсiретедi, азаматтардың экономикалық мүддесiне зиян әкеледi», – деп атап көрсеткен-дi. Елбасының: «Бiз алдау-арбау, жалған банкрот жасау, қаржыны шетелге заңсыз шығару секiлдi кез келген әрекеттердiң алдын алуымыз қажет. Банк саласында заңдылықты және ашықтықты сақтау, азаматтардың салымдары мен мүлiктерiн қорғау – бүгiнгi уақытта тиiстi органдардың басты мiндеттерiнiң бiрi», – деген ескертпесiне сәйкес тиiстi шаралар жасалды. Президенттiң әрбiр мемлекеттiк органға, аудандық салық басқармасының қызметкерлерiне берген қатаң нұсқаулары, соның iшiнде қаржы органдары қызметiне берген нақты тапсырмалары, яғни iрi көлемдегi қаржы операциялары үшiн тұрақты қаржы мониторингi тетiгiн iске қосу қажеттiгi, мемлекеттiк органдарда бюджет қаражатын шығындауға қатаң бақылау жүргiзу, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған жетi түрлi iс-шаралар кешенi қарастырылды.

Айта кеткiм келетiн жайт, салық саласында бұл жұмыстар әу бастан жүйелi әрi тыңғылықты түрде атқарылып келедi. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi 2007 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жалпыұлттық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын» жасаған болатын. Салық комитетiнiң төрағасы Дәулет Ерғожин салық органдарында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтард мен қылмыстарды болдырмау жөнiнде бiрқатар тапсырмалар жүктедi. Несiн жасырайық, сыбайлас жемқорлық мәселесi қазiргi уақытта барлық мемлекеттiк органдарда тамырына балта шабылмас дертке айналған. Сондықтан бүгiнгi күнi салық органдары үшiн жемқорлықпен күрес жүйелi әрi кешендi сипат алып, негiзгi басымдықтың бiрi ретiнде белгiленген. Осы жағдайлармен күрестiң тиiмдi нәтижесi салық қызметi органдарына кешендi шаралар қабылдауды талап етедi. Осыған байланысты өз жүйемiзде жемқорлыққа жол беретiн кереғар мысалдар талданып, жыл сайын оған қарсы күрес бойынша iс-шаралар жоспары жасалады.

Салық органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң басты тапсырмаларының бiрi – өз қатарымыздың тазалығын сақтау. Өкiнiшке қарай, қызметкерлердiң пара алу фактiлерi қылаң берiп отырады. Осындай келеңсiздiктердiң алдын алу шарасы ретiнде әкiмшiлiк iстерге қатысы бар салық басқармасының қызметкерлерi үшiн «Әкiмшiлiк өндiрiсiнiң кезеңдерi» жадынамасы да жасалды.

Нұрсұлу Даулетбаева, Алмалы аудандық салық басқармасының бас салық инспекторы

Серіктес жаңалықтары