ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТI

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТI

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТI
ашық дереккөзі
225

Мамырдың 18-iнде, өзiнiң туған күнiнде көрнектi ақын, мемлекет және қоғам қайраткерi Олжас Сүлейменов Қазақ ұлттық аграрлық университетiнде студенттермен кездесу өткiздi.

Ақын 74 жасын өзiнiң жас оқырмандарымен қарсы алғанды жөн көрген екен. Студенттер ақын шығармашылығынан шағын қойылым көрсеттi. Әрине, шығармаларын орыс тiлiнде жазған қазақ ақынымен кездесу де ресми тiлде өрбiдi. Аталған қойылымда Олжас Омарұлының өлеңдерi оқылып, әр жылдары газеттерге берген сұхбаттарынан үзiндiлер айтылды. Олжас Омарұлы "Невада-Семей" антиядролық қозғалысының басында тұрған қайраткер. Биыл Семей полигонының ресми түрде жабылғанына 20 жыл толды. Ал, Американың Невада қаласында полигон әлi күнге дейiн сынақ алаңына айналып келедi. Осы жылдар аралығында "Невада-Семей" қозғалысының арқасында 50-ден астам ядролық сынақтың өтуiне тиым салыныпты. Әрбiр сынақ кемiнде 20-30 миллион доллар тұрады екен.

– Демек, бұдан қанша қаржы үнемделгенiн есептеп көрiңiз. Осы қаржыны Семей ядролық сынағынан зардап шеккен халықтың денсаулығын жақсартуға бағыттауға болар едi. Бұл тұрғыдан жапондықтар бiздi басып озды. Айталық, Хиросима, Нагасаки тұрғындарының орташа өмiр сүруi өте ұзақ. Ал, бiздiң полигон ошақтары тұрғындарының көбi мүгедек, жастары 50-ден аспайды. Бұл тек Семейге ғана қатысты емес, сондай-ақ, Атыраудағы Азғыр полигоны жайында да осыны айтуға болады,– дейдi ақын журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Олжас Омарұлының "1001 сөз" атты еңбегi төңiрегiнде де пiкiр алмасылды. Ақын бұл еңбегiн 45 жыл бойы жазып келе жатқандығын, алғашқы томы биыл жарық көретiндiгiн айтты. Аталған еңбекте сөздiң шығу тегi, этимологиясы сарапқа салынады. Ақын сөздердiң пайда болуы – Африкадан басталған, сөйтiп бүкiл әлемге таралған деген ой айтты.

Е. ҚҰМАР

Серіктес жаңалықтары