СЫР ЕЛIНЕ САПАР ШЕККЕНДЕ...

СЫР ЕЛIНЕ САПАР ШЕККЕНДЕ...

СЫР ЕЛIНЕ САПАР ШЕККЕНДЕ...
ашық дереккөзі
269

Ел бiрлiгiн БАҚ қалай насихаттап жүр?

Қызылордаға бұл менiң алғашқы сапарым. Сыр елi туралы, сырдың сырлы ғажайыптары туралы анда-санда естiгенiм болмаса, сапарлап көрмеген екем. Бiр жылдары алашордашылардың астанасына айналған Ақмешiттi көру — бiр жағынан қызық, бiр жағынан таңсық. Байырғы Ақмешiтке кiрiп келе жатып та, алаштықтар бұл қаланы неге астана етiп таңдады екен дегендi ойладым.

Жалпы, Қызылорда облысы туралы, байырғы Ақмешiт туралы, облысқа қарасты Жаңақорған, Сырдария, Шиелi, Жалағаш аудандары туралы айтылар әңгiмемiз өзге мақалалардың желiсi болары хақ. Ал, бүгiнгi бiздiң сөз етер өзектi мәселемiз — Қорқыт ата атындағы педагогикалық университеттiң мәжiлiс залында өткен дөңгелек үстел төңiрегiнде болмақ.

"Ел бiрлiгiн нығайтудағы журналистиканың ролi" деген атпен өткiзiлген дөңгелек үстелге зиялы қауым өкiлдерi, БАҚ өкiлдерi, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерi қатысты. Негiзiнен журналистикаға қатысты тақырып болғаннан кейiн бе, қозғалған әңгiмелер желiсi де, бүгiнгi БАҚ төңiрегiне ойысты.

Қоғамда болып жатқан түрлi оқиғаларға бүгiнгi баспасөз, электронды ақпарат құралдары қандай баға берiп жатыр? Ел бiрлiгi мен ынтымағы жолында БАҚ-тың ролi қандай? Жиынға қатысқан әлеуметтi де толғандырған осы мәселе. Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары Мұрат Бақтиярұлы да осы мәселерге орай өз пiкiрiн ортаға салды. "Тәуелсiздiк алғанымызға жиырма жыл болды", — деп бастады әңгiмесiн ол. — Тәуелсiз елiмiздiң iшкi, сыртқы саясатында ақпараттың алатын орны зор, әрине. Өйткенi, ақпарат құралдары мемлекеттiң идеологиясын қалыптастыратын, халықтың санасына сiңiретiн бiрден-бiр құрал болып табылады", — дедi.

Әңгiме арқауы соңғы кездерi бұқаралық ақпарат құралдарында көтерiлген бiрқатар мәселелерге де ойысқан. Оның бiрi — ұлттық доктрина мәселесi. "Мұндай доктриналар барлық елде бар. Әр этностың өзiне тән мәдениетi болады. Олардың бәрiнiң басын бiрiктiретiн нәрсе — доктрина болу керек. Бiрақ, ол доктрина ұлтты құраушы елдiң мүддесiне жұмыс iстеу керек" дедi Мұрат Мұхамедов мырза.

Ал, ұлттық мәселелердi, этностар арасындағы мәселелердi де ақпарат құралдары анықтап жазу қажеттiгiн алға тартады. "Қандай газет болмасын, өзi көтерген мәселенiң елдiң қауiпсiздiгiне, егемендiгiне керi әсерiн тигiзбей ме, осыны ойлануы керек" дедi облыс әкiмiнiң орынбасары Мұрат Мұхамедов.

Бүгiнде елiмiзде шығып жатқан басылымдардың сексен пайызы мемлекеттiк емес. "Бес саусақтың бiрдей еместiгi" секiлдi, ақпарат құралдарының да бағыт-бағдары бiркелкi емес. Тәуелсiз басылым мен оппозициялық бағыттағы басылымдардың кейде фактiлердi бұрмалап, дәлелдемей жазатынына да қынжылыстарын бiлдiргендер болды жиында.

Дөңгелек үстелдiң басты мақсаты — Сыр өңiрiндегi БАҚ-тың ел бiрлiгiн, ел ынтымағын насихаттап ғана қоймай, осы бағытта жасалып жатқан жұмыстары жөнiнде сыр бөлiсу болғандықтан, жиынға жиналған қауым өз ұсыныс-тiлектерiн, пiкiрлерiн ортаға салды. Дөңгелек үстел өткелi жатыр дегендi естiген сәтте орнында байыз тауып отыра алмаған болуы керек, өңiрдегi белгiлi журналистердiң бiрi — Раушанбек Әбдiреұлы өзiнiң көңiлiнде жүрген кейбiр мәселелердi ортаға салу үшiн арнайы келiптi. Еркiн пiкiрталас алаңы болған соң ба, Раушанбек ағаның да айтар ойы нақты, салиқалы шықты. Раушанбек ағаны қынжылтатын мәселенiң бiрi — кiсi есiмдерiне қатысты екен. Әлi күнге фамилиялардың "ов-пен, ев-тен" шыға алмай жатқанына да баса назар аударды. Айта-айта жауыр болған бұл жайттың әлi де шиiкiлiгi көп. Қазақ есiмдерiнде, яғни қазақ фамилияларында әлi күнге бiрiздiлiк жоқ екенiн республикалық басылым беттерiнде де жиi мәселе болып жүр.

Қала әкiмiнiң орынбасары Нұрқан Жәлиев мырза кейде БАҚ-тың кейбiр мәселелерге қатысты жаңсақ пiкiр қалыптастырып жататынына қынжылыс бiлдiрдi. "Кез келген сөздi сараптап, өлшеп барып, жазу керек деген әңгiме айтылып жатыр. Соның бәрi кейде құлаққа еленбей қалады. Мәселен, тәуелсiздiгiмiзге жиырма жыл толды. Соны "анау" деп созып бастайды. Қарап тұрсаңыз, жиырма жыл деген көп уақыт емес. Бұзу оңай, бiр-ақ күнде бұзуға болады. Ал, құру қиын. Қарапайым ғана мысал, үй салып көрiңiздершi. Салынған үйдi бiр күнде бұзуға болады. Ал, бiр күнде үй салынбайды. Қаншама күш жiгер, қаншама уақыт кетедi. Сондықтан, кез келген мәселе зерттелу керек. Оны зерттеп, өлшеп, дұрыс-бұрыстығын анықтағаннан кейiн ғана жазу керек журналистер" дегендi баса айтты. Елдiң бiрлiгiн де, ынтымағын да насихаттайтын бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ-тың тiлегi — елдiң ынтымағы мен бiрлiгiнiң жолында болуы қажет дегенге ұйысты пiкiрлер аясы.

Облыс әкiмiнiң кеңесшiсi, белгiлi журналист Ержан Уәйiс ағамыз да дөңгелек-үстөлдiң арнайы қонағы болды. Алматыдан келген журналистердiң Сырдағы қадамына сәт-сапар тiлеген Ержан аға сырға толы Сырдың қойнауының қасиеттi, құтты мекен екендiгiн тiлге тиек еттi.

Қазақ халқының астанасы болған Ақмешiт — ақ күрiштiң отаны. Ақ нәрсенiң бәрiнiң тiлегi де ақ. Сондықтан, қаймағы бұзылмаған қаймана қазақтың да негiзгi тiлегi — "төртеу түгел болса — төбедегi келедiнiң" кейпi. Ынтымағы жарасқан Сыр өңiрiндегi мерзiмдiк басылымдардың да күйттегенi елдiң ынтымағы, береке-бiрлiгi.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары