КЕНТАУ КЕНШIЛЕРI ӘНУАРХАНҒА КӨШЕ СҰРАЙДЫ

КЕНТАУ КЕНШIЛЕРI ӘНУАРХАНҒА КӨШЕ СҰРАЙДЫ

КЕНТАУ КЕНШIЛЕРI ӘНУАРХАНҒА КӨШЕ СҰРАЙДЫ
ашық дереккөзі
276

"Түркiстан" газетiнiң 13-мамырдағы (№19, 2010 ж) санында Қазақстан Журналистер одағының мүшесi Өскенбай Құлатайұлының "Кентаудағы қиын күрес немесе қазақ инженерлерiнiң астыртын ұйымы" атты мақаласын ден қойып оқып шыққанда, өткен кезеңдердегi көрiнiстер көз алдымнан өткендей болды.

Ол тұс коммунистiк партияның "ақ дегенi – алғыс, қара дегенi – қарғыс" болып тұрған кез едi ғой. Кентау қаласындағы қазақ инженерлерi бас көтерiп, жеңiске қол жеткiзген уақыт едi. Мақаладағы: "Мiне, осы жерде Әнуархан ерiксiз еске түстi. Ол осыдан 42 жыл бұрын басын қатерге тiгiп, саясатқа қайшы келетiн батыл қадамға барды. Қазақ инженер-мамандарын ұйымдастырып Қонаевқа кiрiп, мәселенi төтесiнен қойған азамат едi. Оның жас қазақ тау-кен инженерлерiне жол ашып берген қаһармандығынан қандай белгi қалды? Бiздiң оған деген алғысымыз қайда? Өзi жоқтың – көзi жоқ", – деген сөздер бiздiң жүрегiмiздi тiлiп өткендей болды. Шынында, марқұм Әнуархан – нағыз қазақ, қаны қайнаған өте бiлiмдi инженер едi. Әбдiхан ақсақалымыздың Кентаудан Әнуарханның атына бiр көше берейiк деген ұсынысын бiрауыздан қолдаймыз. Жас ұрпақтың өткен тарихтан сабақ алуы үшiн асқан ерлiгiмен көзге түскен ұлтжанды азаматтарымызды ұлықтау қажет. Бұл бiздiң Әнуарханның алдындағы кiшкентай болса да қарызымызды өтегендiк болар едi.

Қайырбай СЕЙIЛХАНОВ, Кеңесхан ДҮЙСЕНБАЕВ,

"Ащысай" комбинатының зейнеткерлерi

Серіктес жаңалықтары