ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САММИТТIҢ ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕЛЕРI

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САММИТТIҢ ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕЛЕРI

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САММИТТIҢ ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕЛЕРI
ашық дереккөзі
204

Елiмiзде Төртiншi инвестициялық саммит басталды. Халықаралық "International Gerald Tribune" басылымының ұйымдастыруымен маусымның 3-4 күндерi Алматыда өткiзiлетiн жиын әлемдiк қауымдастықтың зор қызығушылығын тудырып отыр. Бұл басқосуға әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен инвесторлар мен аса iрi компаниялар қатысып, Қазақстанға инвестиция құюдың тәуекелi мен мүмкiндiктерi туралы пiкiрталастарға кезек берiлдi.

"Қазақстанға инвестиция салуға құлшыныс бiлдiрушiлер саны жетiп артылады. Оның басты себебi — мемлекетте қалыптасқан тұрақтылық" дедi International Gerald Tribune басылымын шығарушы Стивен Данбар-Джонсон осы мәселеге орай өткен баспасөз-конференциясында. Оның үстiне инвестиция салуда жергiлiктi үкiмет пен инвесторлардың қарым-қатынасы маңызды. Елiмiзде орныққан осындай оңды жайттарды ескере отырып, ҚР Президентi жанындағы шетелдiк инвесторлар кеңесiмен бiрлесiп басқа да салалар бойынша инвестициялық меморандумға қол қойылмақшы. Сондай-ақ инвесторлар назарына шикiзаттан тыс ауылшаруашылығы, инфроқұрылым және туризм салалары бойынша оңтайлы бағдарламалар ұсынылады.

Төртiншi инвестициялық саммитке үкiмет, өнеркәсiп, қаржы және энергетика салаларының өкiлдерi, атап айтқанда, ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов, "Шеврон" компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Джордж Киркланд, Еуропа Қайта құру және даму банкiнiң президентi Томас Миров, "Женерал Электрик" компаниясының президентi Лоренцо Симонелли қатысады. "Саммитте баяндамашылар мен жоғарғы деңгейдегi қайраткерлердiң үлкен бiр шоғыры бас қосып, мемлекет пен iскер топтардың өкiлдерi тiлдесетiн, инвестиция салу мүмкiндiктерiн зерттеу және бағдарламалық шешiмдердi талқылауы үшiн пiкiр алаңын қамтамасыз етедi", – дедi С.Данбар-Джонсон. Инвестсаммит бағдарламасы барысында Индустриалды-инновациялы даму жолдары, инвестицияны қолдау үшiн индустриалды заңды қорғауға алу және мұнай-газ саласы бойынша жаңа мүмкiндiктер мен заңнамадағы жаңа өзгертулер, ҚР тұрақты нарық, тау-кен өндiрiсi ортаға салынбақшы.

Елiмiздегi алғашқы инвестициялық саммит 1997 жылы өткiзiлгенiн айта кеткен жөн. International Gerald Tribune қоғамдық пiкiр қалыптастырушы халықаралық басылым. Қазақстанда аталмыш басылымның 42 бөлiмi жұмыс iстейдi. Сонымен қатар ҚХР, Румыния, ОАР, Франция секiлдi елдерде түрлi бағыттағы халықаралық конференциялар өткiзiп келедi. Дүниежүзiнiң 37 жерiнде басылып, 180 елге таралады.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары