ЖАҢА БАСЫЛЫМДАР

ЖАҢА БАСЫЛЫМДАР

ЖАҢА БАСЫЛЫМДАР
ашық дереккөзі
237

Этнограф-зерттеушi Тынышбек Дайрабайдың "Сырдария кiтапханасы" сериясымен "Фолиант" баспасынан "Тұғырлы тұлғалар" атты ғылыми-танымдық жаңа кiтабы жарық көрдi. Автор бұл қомақты еңбегiнде Сыр елiнiң тарихын ұлтқа мәшһүр танымал тұлғалар тарихымен байланыстыра отырып, олардың қазақ халқының қалыптасу кезеңiндегi, хандық дәуiрiндегi, Ресей патшалығы боданындағы, кеңестiк зұлмат жылдарындағы ролiн ашып берген. Сонау Қорқыт бабамыздан бастап, Жалаңтөс баһадүрден берi тартып, дуалы ауызды билердiң ел бiрлiгi жөнiндегi ұлағатты сөздерiн жинап, бергi Тұрмағанбет пен Жүсiп жыраудың өнегелi жырларының мәнiн, маңызын көрсете отырып сол уақыттарды жете сипаттай бiлген. Кiтапта зерттеушi билер, ахундар, ақындар, жыраулар, батырлардың қоғамдағы озбырларды сынап-мiнеген, ұлтқа ұлағатты тәрбиелiк сөз айтқан нақылдарын, батырлардың аңызға айналған ерлiк iстерiн молынан қамтиды.

Кiтаптың құндылығы сонда, қарапайым оқырманды да, ғалымды да бей-жай қалдырмайды.

* * *

Жуырда Зәкiм Жайлыбайдың "Кодекс куманикус" — "Бабалар болмысының баяны" атты ғылыми еңбегi кiтап болып жарыққа шықты. Бұл кiтаптың жазылуына өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ҚазМУ-дың филология факультетiн бiтiрерде "Кодекс куманикс" ескерткiштерiндегi септiк жалғаулары және оларды қазiргi түркi тiл ғылымдарымен салыстыру" тақырыбында жазған диплом жұмысы негiз болған. Содан берi жарты ғасыр өтсе де бұл ғылыми еңбектiң өз құндылығын жоғалытпағаны көрiнiп тұр. Автор ғылыми тұжырымдарын әйгiлi түркi зерттеушiлерi Н.А.Баскаков, В.В. Бартольд, В.В. Радловтың еңбектерiне сүйене отырып, өзiнiң тың ойларын ұсынады.

Кiтап бүгiнгi және келешек ұрпақтар үшiн өте маңызды.

Серіктес жаңалықтары