СЫНШЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ АЙДЫНЫНДАҒЫ БЕЛЕСТЕРI

СЫНШЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ АЙДЫНЫНДАҒЫ БЕЛЕСТЕРI

СЫНШЫНЫҢ ӘДЕБИЕТ АЙДЫНЫНДАҒЫ БЕЛЕСТЕРI
ашық дереккөзі
298

"Қазақ әдебиеттануы мен сынының белгiлi бiр ғылыми салаға айналғанына онша көп бола қойған жоқ. Көркемдiк даму мен әдебиет тарихын жүйелi талдаймын деп жүрiп, өзiн ұмытып кете жаздаған сын мен ғылым екенiн бiреу мойындайды, кейбiреулер дау айтуға ыңғайланып тұрады". Бұл академик Тұрсынбек Кәкiшевтiң зерделi ғалым, белгiлi сыншы Дандай Ысқақұлына берген шынайы бағасы.

Сын жанры қаншама қиын мiнездi болса да, оның теориялық және ғылыми негiзiн ерекше сабырмен меңгерген зерттеушi мол табысқа жетедi. Оған сыннан басқа дүниеге елең-алаң болмай, тереңдете қаза беретiн бiр тұлға, яғни, Дандай Ысқақұлының ғана шыдамы жететiндей көрiнедi. Ол жариялаған, зерттеген еңбектер, кiтаптар, монографиялар бұған нақты дәлел болады. Жақында, "Арыс" баспасынан зерттеушi-ғалым Дандай Ысқақұлының адамдық, азаматтық, ғалымдық парасат-пайымын зерделейтiн "Белес" және "Әдебиет айдынында" атты шығармалары оқырманға жол тартты. Онда қазақ әдебиетiнiң, оның сыны мен ғылымының жай-күйi, оның жекелеген қайраткерлерi мен зәру мәселелерi жайлы ой қозғаған материалдар берiлген. Сондай-ақ, қазақ әдебиеттану ғылымына елеулi үлес қосқан Нәзiр Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Қажым Жұмалиев, Темiрбек Қожакеев, Рақманқұл Бердiбай, Зейнолла Қабдолов, Зәки Ахметов сынды ғалымдардың ұлттық руханиятқа сiңiрген еңбектерi жан-жақты сараланады. Еңбек әдебиеттiң сыны мен сырын танитын қалың оқырман қауымға арналған.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары