ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАЛҒЫН ЖЕҢIМПАЗДАРЫ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАЛҒЫН ЖЕҢIМПАЗДАРЫ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАЛҒЫН ЖЕҢIМПАЗДАРЫ
ашық дереккөзі
239

Жуырда, Ұлттық баспасөз клубында Мемлекеттiк тiлдi дамыту Президенттiк қоры мен республикалық "Ұлан" газетi ұйымдастырған "Ерлiк пен Жеңiс тақырыбындағы" шығармалар байқауының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болып өттi. Бұл жобаның демеушiсi — "Beeline" сауда маркалы "КарТел" ЖШС. Жеңiстiң 65 жылдығы мен қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған байқаудың басты мақсаты — жасөспiрiмдердiң Отанына, елiне, жерiне деген сүйiспеншiлiгiн арттыру, ерлiк пен қаһармандық рухында тәрбиелеу және шығармашылық шабыттарын шарықтату.

Жиын барысында сөз алған Мемлекеттiк тiлдi дамыту Президенттiк қорының директоры Азат Шәуеев "Ұлан" газетiнiң редакторы Есей Жеңiсұлы, "КарТел" ЖШС-ның өкiлi Анар Жұмағұлова, соғыс ардагерi Жәпек Молдабаев өздерiнiң ыстық лебiздерiн бiлдiрдi.

Байқауға өлеңмен, қара сөзбен жазылған екi жүзден астам шығарма келiп түскен. Солардың iшiнен оқ бойы озып шығып бiрiншi орынды павлодарлық Айданақ Амантайқызы "Фамилиясы жоқ ұлы қазақ" шығармасымен иелендi. Екiншi орынға Алтынгүл Сансызбай мен Серiк Қантаевтың туындылары лайық деп табылды. Үшiншi орынды Ақмарал Ертазиева, Гүлжанат Ерғалиева, Дастан Мәдиев өзара бөлiстi. Жеңiмпаздарға Мемлекеттiк тiлдi дамыту Президенттiк қорының арнаулы дипломдары, "Ұлан" газетi жас тiлшiсiнiң куәлiгi, "Beeline" компаниясынан ұялы телефондар тапсырылды.

Айдана ОРАЗБАЕВА, ХҚТУ-дың журналистика бөлiмiнiң

2-курс студентi

Серіктес жаңалықтары