ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮЛГIСI

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮЛГIСI

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮЛГIСI
ашық дереккөзі
268

Оңтүстiк Шығыс Азия елдерiнде аз қамтылған жандарға шағын несие берiлетiнi және ондай шаруамен көбiне үкiметтiк емес ұйымдар айналысатыны белгiлi. Мысалы, Индонезияда Нобель сыйлығының иегерi, профессор Мухаммад Юнус 1976 жылы үлкен жетiстiктерге жеткен соң "Грамен" банкiн ашып, жергiлiктi тұрғындардың iшiнде тұрмысы нашар кедей жандарға елу доллар көлемiнде шағын пайызсыз несиелер берген. Құрылғанына 30 жыл уақыт iшiнде алты миллион адамға жалпы сомасы бес миллиардтан аса АҚШ доллары болатын кредит берiлiптi. Қазiргi күнi "Грамен" банкiсiнiң Бангладештiң 51 мың елдi мекенiнде бiр жарым мың филиалы жұмыс iстейдi екен. Қазақстанда да Елбасы тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Бүкiлхалықтық қор құруды және әр облыста оның филиалдарын ашуды тапсырады. Осы қордың директоры болып бұрын ауыл шаруашылық министрi қызметiн атқарған Серiк Шаяхметұлы Ахымбеков тағайындалған едi.

Президентiмiз тек Жарлық шығарып қана қоймай, барлық кәсiпорын, мекеме басшыларын, бұл игiлiктi iске атсалысуға, төмен тұрмыстыларға бiр мәрте емес, үнемi қол үшiн беруге шақырды. Өзi бас болып жалпыұлттық қорға 100 мың доллар қаржы аударды. Бұл Елбасының 1998 жылдың басында өткiзiлген "Астана-Алматы" телемарафонына қатыса отырып, жасаған бастамасы едi. Көп өтпей бiз де "Өскемен-Семей" акциясы, телемарафонын өткiзе бастадық. Бұл ерекше салт болып қалыптасқанын мен бүгiн үлкен қанағаттық сезiммен айта аламын. "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi жалпыұлттық қор құру туралы" Жарлығының шыққанына биыл 12 жыл толады. Елiмiздiң барлық облыстарында ашылған аталмыш қорлардың мақсат-мүдделерi бiреу-ақ, ол қараусыз қалған қарияларға, ауру-сырқау балалар мен асыраушысы жоқ мүгедек жандарға мүмкiндiгiнше қайырымдылық қолын созу.

Бiздiң Шығыс Қазақстан облысында құрылған әлеуметтiк тұрмысы төмен азаматтарды қолдау қоры облыс көлемiнде елеулi игiлiктi iзгi iстер атқарып, республикамыздағы ашылған басқа қорлармен салыстырғанда алдыңғы шепте деп айтсам қателеспес едiм. Жұмыссыз, тұрмысы төмен мыңдаған адамдарға төрт жүз доллар көлемiнде шағын несиелер берiлдi, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, ауру, мүгедек және жалғызбасты жандарға, асырауында мүгедек баласы бар аналарға емделу шараларына миллиондаған теңге қайтарымсыз көмек көрсетiлдi.

12 жылда "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Шығыс Қазақстан аймақтық қоры" облысымыздағы 2675 аз қамтылған азаматтарға 100 млн. теңге көлемiнде несие берiп, сол арқылы 4 мыңға жуық жұмыс орындарын ашты.

Қор осы жылдары қайырымдылық бағытта да жұмыс iстегендiктен 105 мың аз қамтылған мүгедек жандарға емдеу шараларына, зейнеткер ауыр науқастарға дәрi-дәрмек алуға, жетiм балалардың денсаулығын түзетуге жалпы сомасы 183 млн. теңгенi құрайтын қайтарусыз көмек көрсеттi. 2008 жылдан берi қордың мәртебесi өзгерiп, "Шағын несие ұйымы" болып қайта тiркеуден өттiк. Сол себептi қазiргi негiзгi бағытымыз халыққа төмен пайызды несие беру болып отыр.

Қорға бюджеттен қаражат бөлiнбейдi, қаржы облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың қолдауы негiзiнде, аудан және қала әкiмдерiнiң насихат жұмыстарын жүргiзуi арқылы, қайырымдылық марафоны, қайырымдылық акциялары кезiнде жинақталады. Бұл негiзiнен әртүрлi меншiктегi кәсiпорындар мен жеке тұлғалардың ерiктi түрде аударатын жарналары.

Негiзгi қаражат облыс әкiмдiгiнiң қаулысы арқылы өткiзiлетiн жыл сайын өтетiн, әдетке айналған "Iзгiлiктi ниет" облыстық қайырымдылық марафоны кезiнде түседi.

Жалпы биылғы жылы облыстық "Нұр Отан" партиясы, аудан және қала әкiмдерi ұсыныстары бойынша жалпы саны 1730 аз қамтылған жанға, қор тарапынан емделу, түрлi операция жасату мақсаттарына сомасы 2 млн. 200 мың теңгенi құрайтын материалдық көмек көрсетiлдi.

Жалпы қорымызға жиналған қаржының 50-60 пайызы солардың үлесi десек артық болмас. Дәстүрге айналған облыстық "Iзгiлiктi ниет" марафонына жыл сайын барлық қалалар мен аудандар белсендi қатысуда. Аймақтағы "Қазмырыш", "ТМК", "ҮМЗ" акционерлiк қоғамдары, "Атамекен", "Ақшың" корпорациялары, "Казгипроцветмет", "Жолбарыс", "Силикат" ЖШС-терi сынды алыптардың басындағы азаматтар – "жыл адамы" атақтарымен әр жылдары марапатталған бiздiң ең қадiрлi, ең қайырымды азаматтарымыз.

Несие негiзiнен мал бордақылау, құс өсiру, бау-бақша өсiру, асхана, аяқ киiм жөндеу не тiгiн, жиһаз, қолөнер бұйымдарын жасау шеберханаларын ашуға, ұсталық, фотосалон, шаштараз қызметтерiн көрсету мақсаттарына берiледi.

Былтыр аз қамтылғандарды несиелендiру iсiне көп көңiл бөлiп, ең көп несие алған Семей өңiрi. Осы аймақтың 46 аз қамтылған азаматына 4 млн 650 мың теңге көлемiнде несиелер берiлген.

Шағын несие арқылы өздерiнiң бизнес жобаларын табысты түрде жүзеге асырып, алған несиелерiн уақтылы қайтарып, екiншi мәрте несие алып шаруаларын дөңгелетiп, отбасыларын асырап қана қоймай, жұмыс орындарын ашып отырған адамдар да баршылық.

Мәскеу қаласындағы "Благовест" халықтық көмек көрсету орталығының Президентi, Ресей Федерациясы Кеңесiнiң сенаторы жерлесiмiз Зинаида Драгункинаның көмегi арқылы қор осы орталықпен бiрлесiп, шығысқазақстандық жетiм балаларының және аз қамтылған отбасы балаларының денсаулығын сауықтырумен де айналысуда.

Соңғы үш жылда Ресейдiң Қара теңiз жағалауындағы санаторийлерiнде және Словениядағы сауықтыру орталығында 100 бала денсаулықтарын жақсартты. Өткен жылы тағы 20 баланы "Орленок" балалар орталығына, Қара теңiз жағалауына жiберiлуiне қол ұшын бердiк.

Биыл да келiсiмге сәйкес қордың ұсынысымен, мәскеулiк әрiптестерiмiздiң қаражаты есебiнен облысымыздың он бес жетiм және аз қамтылған отбасы түлегi, оның iшiнде су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан бес тарбағатайлық жеткiншек Анапа қаласында дем алып, денсаулық түзетуге қол жеткiздi. Олар Ресейге 28 мамырда аттанып кеттi.

Жалпы биылғы жылы облыстық "Нұр Отан" партиясы, аудан және қала әкiмдерi ұсыныстары бойынша жалпы саны 1730 аз қамтылған жанға, қор тарапынан емделу, түрлi операция жасату мақсаттарына сомасы 2 млн. 200 мың теңгенi құрайтын материалдық көмек көрсетiлдi.

Биылғы қыстың Шығыс өңiрiнде қаһарлы болғаны бәрiне мәлiм. Қақаған аязы мен ашынған бораны бас көтертпеген қаңтар мен ақпан айының әлегi таусылысымен, қыстай жауған қалың қар облысымызда үлкен су тасқыны қаупiн тудырды. Тарбағатай ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ағайындардың ауыр жағдайы шығыс өңiрiнiң ғана емес, бүкiл елдiң қабырғасын қайыстырып отырғаны анық. Көптеген маңызды қызметтерде шыңдалып келген қайраткер, қай салада қызмет етсе де өзiндiк қолтаңбасын, iзгiлiктiң iзiн қалдыра бiлетiн басшымыз облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың бастамасымен шалғай жатқан аудандарға, су тасқынынан қатты зардап шеккен ағайындарға гуманитарлық көмек көрсету жөнiндегi кең ауқымды акция өтуде. Осы бастамаға бiздiң де қор өз үлесiн қосты, осы аудандарға 110 жылы көрпе және 25 қап ұн жөнелтiлдi.

Сәкен ҒАЙСА, "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Шығыс Қазақстан аймақтық қоры Шағын несие ұйымы" Қоғамдық қорының атқарушы директоры

Серіктес жаңалықтары