ЯДРОЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК САҚТАЛА МА?

ЯДРОЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК САҚТАЛА МА?

ЯДРОЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК САҚТАЛА МА?
ашық дереккөзі
455

23-маусымда "Руханият" Жасылдар партиясы және ҚР Үкiметтiк емес ұйымдарының Экофорумы Халықаралық Ядролық отын банкiнiң елiмiзде ашылуына қарсылық бiлдiрдi. Сондай-ақ, бұл баспасөз конференциясында аталмыш банктiң маңызы мен тиiмдiлiгi турасында сөз болды.

Жуырда, Елбасы Н.Назарбаев Вашингтонда өткен Ядролық Қауiпсiздiк жөнiндегi жаһандық саммитте Қазақстанның әлемдiк қауiпсiздiк және ядроны таратпау туралы бастамасын күллi әлемге ұсынған едi. Бiрақ Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң бақылауымен Халықаралық ядролық отын банкi Қазақстан аумағында орналасуы мүмкiн. Осы мәселеге қарай Семей ядролық полигонының инфрақұрылымын және Өскемен қаласындағы "Үлбi металлургия зауыты" АҚ пайдалана отырып, ядролық отын банкiн құру туралы келiссөздер жүрiп жатыр. "Руханият" Жасылдар партиясының төрағасы Серiкжан Мәмбеталин:

– Кейбiр мәлiметтер бойынша, бұл банкте 60 тонна ядролық отын сақталады екен. Оның үстiне елiмiзге бұл банктен ешбiр қосымша табыс түспейдi деп айтылуда, – дедi. Десе де елiмiздiң ядролық қауiпсiздiктi қолдайтын елдердiң көшбасында екенi белгiлi. "Мiне, сондықтан да Қазақстан үлгi көрсетiп, сенiмге ие болған, мемлекет ретiнде таңдалып, банк осы аумақта орналасуы тиiс деген шешiм бар", – дейдi Невада-Семей ядролық қаруға қарсы қозғалысының Қарағанды облыстық бөлiмiнiң төрағасы Марғұлан Хамиев.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары