АЛҒАШҚЫ АСТЫҚҚА ОРАҚ САЛЫНДЫ

АЛҒАШҚЫ АСТЫҚҚА ОРАҚ САЛЫНДЫ

АЛҒАШҚЫ АСТЫҚҚА ОРАҚ САЛЫНДЫ
ашық дереккөзі
520

Биыл Оңтүстiк Қазақстан облысының дихандары ырысқа кенелдi. Астық ору науқаны бұл өңiрде басталып та кеттi. Агротехникалық шараларды дер кезiнде қолданғандықтан, егiстiктiң әр гектарынан 35-40 центнерге жуық өнiм алынып, қамбаны толтыра түстi. Егiс алқаптары былтыр күзде әзiрленiп, бидайдың бiтiк шығуына септiгiн тигiздi. Бiрлiк ауылының дихандары республикада алғашқы болып, егiнге орақ салды. Астықты ысырапсыз жиып алуға әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациясының да көмегi көп тидi. Орақта жүрген голландиялық комбаиндар жергiлiктi жерлердегi сервистiк дайындау орталықтарына тиесiлi. Жаңа техникалардың артықшылығы бидайды ешбiр ысырапсыз, масақ қалдырмай жинап алады. Сондай-ақ, «шанаққа түскен дәннiң тазартылуы да жақсы» дейдi дихандар.

Жалпы алғанда оңтүстiкқазақстандық дихандар былтыр күзде 165 мың гектар жерге дән сеуiптi. Егiс аумағы өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артық.

– Бiз басқа аумақтарда егiн орағын маусымның 20-нан ары қарай бастаймыз деп отырмыз. Егiн пiсiп тұр. Орташа есеппен алғанда алынатын өнiм 15-16 центнерден төмен болмайды деп отырмыз, — дейдi облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Қанат Ыдырысов. Бұл облысқа ауылшаруашылығы өнiмдерiн экспорттауға еш кедергi жоқ. Қазақстанның түкпiр-түкпiрiне жөнелтiлетiн жемiс-жидек ағымдағы жылдан бастап Мәскеу базарларын да көмкеретiн болады. Қазақстанның оңтүстiгiнде өсiрiлетiн көкөнiс пен жемiс-жидекке Ресейде сұраныс көп, оның негiзгi себебi тыңайтқышсыз алынған табиғи таза өнiм.

Бүгiнде қоймаларда 9 миллион тонна астық қалған. Көктемде оның 11 тоннасы Қытайға сатылды. Кейiннен "Азық-түлiк" корпорациясы Қытайға тағы да 20 миллион тонна астық экспорттады. “Биыл қамбаға құйылатын астық 400 мың тоннадай болуы мүмкiн” дейдi сарапшылар.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары