АҚТАУДА ОРАЛМАНДАРДЫ БЕЙIМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АҚТАУДА ОРАЛМАНДАРДЫ БЕЙIМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АҚТАУДА ОРАЛМАНДАРДЫ БЕЙIМДЕУ  ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
392

Үкiметтiң шешiмiне орай, Ақтау қаласында "Оралмандарды бейiмдеу және шоғырландыру орталығы" атты мемлекеттiк мекеме ашылды.

Үкiметтiк құжатқа Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов қол қойды. Бұл құжатта Елбасының 2006 жылдың 1 наурызында қазақ халқына "Қазақстанның дамыған 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Жолдауын iске асыру мақсатында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында "Оралмандарды бейiмдеу және шоғырландыру" атты мемлекеттiк мекеменi құру көзделген делiнген. Аталмыш орталық Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетiнiң қарауында жұмыс iстейдi.

Орталықты қаржыландыру халықты әлеуметтiк қолдау және еңбек министрлiгiнiң табыс көзiнiң жылдық есебiнен жүзеге асырылады. Елiмiз егемендiгiн алғалы, яғни 1991 жылдан берi шетелде тұратын қандастарымыздың тарихи отандарына оралуына жол ашылды. Содан берi билiк басындағылар оралмандарға мемлекеттiк көмек ретiнде қаржы бөлiп келедi. Бұдан өзге мемлекеттiк көшi-қон квотасынан тыс келiп жатқандар да аз емес. Осы уақытқа дейiн шетелден келген қандастарымыздың саны 700 мыңнан асып жығылады. Соңғы жылдары оралмандар республиканың Батыс өңiрлерiне, әсiресе, Маңғыстау облысына шоғырлануда.

Қазақстан 2009-2011 жылдары "Нұрлы көш" мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттiк квота негiзiнде 60 мың жанұяны, әр жыл сайын 20 мың отбасын қабылдауды жоспарлап отыр. Еңбек министрлiгiнiң деректерiне қарағанда шетелдегi қандастарымыздың саны 3-4 миллионға жетедi екен. Қазақстан халқының дәл қазiргi саны 16. 2 миллион адамды құрайды екен.

«Интерфакс Қазақстан»

Серіктес жаңалықтары