ГРЭС-2 ЭНЕРГОБЛОГЫ IСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ГРЭС-2 ЭНЕРГОБЛОГЫ IСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ГРЭС-2 ЭНЕРГОБЛОГЫ IСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
ашық дереккөзі
290

Екiбастұз ГРЭС-2 үшiншi энергоблогының құрылысын қаржыландырудың шарттары туралы келiсiмге қол қойылды. Жобаның жалпы құны – 800 миллион долларды құрамақ.

Елордада Қазақстан мен Ресей Президенттерi Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтiң қатысуымен Екiбастұз ГРЭС-2 үшiншi энергоблогының құрылысын қаржыландыру шарттары қолдау тапты. "Екiбастұз ГРЭС-2" АҚ-ның инвестициялық жобасының акционерлерi ретiнде "Самұрық-Энерго" АҚ мен "Интер РАЛ ЕЭС" ААҚ белгiлендi. Бұл жоба негiзiнде қуаты 500 Мвт-ты құрайтын үшiншi блог құрылысын бастау қарастырылған.

Оны жүзеге асыруға Еуразия даму банкi мен "Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкi" мемлекеттiк корпорациясы 15 жылға 770 миллион доллар көлемiнде несие бермек. Бұл жобаны Елбасы биылғы "Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға" атты Жолдауында Екiбастұз 1-ГРЭС-iн кеңейту және қайта жарақтандыру және Екiбастұз 2-ГРЭС-iнiң үшiншi энергия блогын салу жұмыстары жалғастырылатынын атап көрсеткен болатын.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары