ЖАС СУРЕТШIЛЕРДIҢ ЖАРҚЫН БОЯУЛАРЫ
ЖАС СУРЕТШIЛЕРДIҢ ЖАРҚЫН БОЯУЛАРЫ
Астана күнi тойланған мерекеде алматылықтар да қарап қалмады. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелiк шаралардың бiрi – жас суретшiлердiң өнерiн тамашалауға арналды.
Бүгiнде жас суретшiлер арасында бейнелеу өнерiнiң жаңа лебi пайда болған. Атап айтар болсақ, жастарға кеңiнен танымал графити мен райтер салу бағыты. Қаланың қылқалам ұстайтын кез-келген жас өренi өз қиялындағы Астананы бейнелеуге тырысты. Нәтижесiнде ұзындығы 30 метрге жуық алып картинаны салынды. Суреттi салғандардың iшiнде Астананы көрмегендерi де бар. Суретшiлердiң өздерi бұны ерекше өнер санайды.
– Бәрiне ұнамауы мүмкiн. Көбiнесе жастар – скейтерлер, экстремалдар жақсы көредi. Ал үлкен адамдар онша ұнатпайды. Бiрақ, Астана даласы көпшiлiктiң көңiлiнен шығады деп ойлаймын, – дедi суретшi Айдар Жусанбаев.
"Түркiстан-ақпарат"