"АСТАНА" АЛАҢЫНДАҒЫ ӘН-ШАШУ

"АСТАНА" АЛАҢЫНДАҒЫ ӘН-ШАШУ

"АСТАНА" АЛАҢЫНДАҒЫ ӘН-ШАШУ
ашық дереккөзі
444

Астана күнi алматылықтардың да айтулы мерекесiне айналған. Қаланың әр жерлерiнде түрлi мерекелiк шаралар ұйымдастырылды. Бұл күнде концерттiк кештер мен шоу-бағдарламалар, арнайы байқаулар, сурет көрмелерiне кезек берiлдi.

Негiзгi шаралардың көпшлiгi Астана алаңында өттi. Қала тұрғындары мен шетелдiк қонақтар алаңда эстрада жұлдыздарының өнерiн тамашалады.

Қала тұрғындарының көбiнiң алаңдағы мерекелiк шараға жиналуына "ұзындығы 120 метрлiк кәуәп пiсiремiз" деген уәде себеп болды. Қала әкiмдiгiнiң жоспары күннiң ыстығынан жүзеге аспады, десе де бұл уәде Алматы күнi тойланатын күз мезгiлiнде орындалуы мүмкiн. Ал Гиннесстiң рекордтар кiтабына енудi жоспарлаған кәуапшылар Оңтүстiк астананың туған күнiн күтуге әзiр.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары