СОҢҒЫ ҚАДАМ ҚАЛЫП ТҰР

СОҢҒЫ ҚАДАМ ҚАЛЫП ТҰР

СОҢҒЫ ҚАДАМ ҚАЛЫП ТҰР
ашық дереккөзі
473

Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруге бiртабан жақындап қалдық. Жақында Экономикалық даму және сауда министрi Жанар Айтжанова Еуроодақтың сауда жөнiндегi комиссары Карл де Кюхтпен кездесу барысында ДСҰ-ға мүше болуға ақтық қадамның жасалғанын жариялады.

Бес жыл бойында жүргiзiлген келiсiмшарттардың нәтижесiнде елiмiздiң ДСҰ-ға кiрген жағдайда әлемдiк нарыққа ұсынатын тауарлар саны анықталды. Бұл маңызды кездесу барысында үш ел: Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы ашық экономикалық кеңiстiктiң атқарған ролi атап өтiлдi. Кедендiк одақтың құрылуына байланысты елдiң инвестициялық тартымдылығының артқаны жасырын емес.

Брюссель қаласында өткен кездесуде елiмiз әлемдiк нарыққа шығаратын шикiзат тауарының баж салығы мен қаржылық қызметтiң түрлерi сөз етiлдi. Десе де басы ашылмаған бұл мәселе соңғы келiссөздер өтетiн қазан айына ысырылған. 27 мемлекеттiң басын құрап отырған Еуроодақ елiмiздiң сауда әрiптестерiнiң ең алыбы деп айтсақ қателеспеймiз. Себебi елiмiзде үздiксiз жұмыс iстеп тұрған SHELL, TOTAL, ENI, British Petroleum компаниялары, қаржы саласындағы RBS, HSBC, UniCreditGroup, ABN AMRO қаржы институттары соның куәсi. Екi әрiптес арасындағы сыртқы сауда көлемi 70 млрд. долларды құрайды. Ал Еуроодақтың салған инвестициясы 50 млрд. долларға жеткен. Еуроодақ ДСҰ-ның арқалы мүшесi десек, оның Қазақстанмен арадағы келiссөздерi ДСҰ-ға кiрудегi алтын көпiр болатыны айтпаса да түсiнiктi.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары