ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҚТАР КИНО КӨРЕ АЛАДЫ

ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҚТАР КИНО КӨРЕ АЛАДЫ

ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҚТАР КИНО КӨРЕ АЛАДЫ
ашық дереккөзі
419

Қызылағаш ауылында Мәдениет үйiнiң күрделi жөндеуден өткiзiлiп, ауыл тұрғындарының игiлiгiне айналғанына да бiршама уақыт болды. Ендi мiне, қызылағаштықтар үшiн тағы бiр қуаныштың орайы келген. Ауылдағы аталмыш Мәдениет үйiнде 3D форматта фильм көруге арналған арнайы аппаратура орнатылды.

Ал, мұндай құрылғы осыған дейiн Алматы облысына қарасты бiрде-бiр ауылда болған емес. Қызылағаш ауылында қоныс тепкен Мәдениет үйi ғимаратында 300 орынға лайықталған көрермен залы, би залы, үйiрмелерге арналған бөлмелер де бар.

Су тасқынынан кейiн бiраз кiтап қоры сақталып қалған ауылдық кiтапхана да Мәдениет үйiне көшiрiлдi. Сонымен бiрге, "Жансүгiров" қайырымдылық қорының қаржысына балаларға арналған 300 жаңа кiтап сатып алынды. Кiтапхана барлық қажеттi жиһаздармен, сөрелермен, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлген. Мұнда Интернет арқылы әлемнiң кiтапханаларынан қажеттi әдебиеттi iздейтiн РАБИС жүйесi де келушiлерге көмектесе алады.

Қызылағаштағы тасқыннан кейiн Қазақстан үкiметi бұл ауылды үнемi назарда ұстап келедi. Күн сайын қосылып жатқан жаңа ғимараттар мен жөндеу жұмыстары аяқталған мекемелердiң бәрiне де тiкелей "НұрОтан" партиясы өз ықпалын тигiзуде.

Қазiргi күндерi Қызылағашта ұзындығы 16,2 шақырымдық су құбырын жүргiзу жұмыстары аяқталды. Көшелерге арнайы ауызсу тарататын құдықтар орнатылып, елдi мекен ауызсумен қамтамасыз етiлетiн болады. Ауыл көшелерi де жарықтандырылып, телефон байланысы да орнады. Ендi қызылағаштық тұрғындар үшiн байланыс жасауға еш кедергiлер жоқ.

Махаббат ӘДIЛХАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары