ҚазҰУ-да ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚазҰУ-да ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚазҰУ-да ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ашық дереккөзі
266

20-шiлдеде Америкалық және демократиялық ресурстық орталығы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi жанындағы НАТО туралы ресурстық және ақпараттық орталық пен Нью-Мексико (АҚШ) университетiнiң ұйымдастыруымен ҚР-дағы АҚШ елшiлiгi мен Қоғамдық дипломатиялық департаменттiң (Брюссель, Бельгия) қолдауымен "АҚШ, НАТО және Орта Азия елдерiмен аймақтық қауiпсiз" тақырыбында VII жыл сайынғы жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Жазғы мектептiң мақсаты – болашақ мамандарды Орта Азия бойынша халықаралық қатынастар саласындағы геосаяси жағдайларға орай туындаған сауалдарға, аймақтық және өзектi шақырылымдар мен тәуекелдерге, Ауғаныстандағы жағдайларға оң шешiм айтуға үйрету. 7 жыл iшiнде 200-ден аса жас зерттеушi Жазғы мектеп бағдарламасына қатысып, өз елдерiндегi осы мектептiң насихаттаушысы болып жүр.

Жазғы мектеп Орта Азия мемлекеттерiндегi жас американдықтар үшiн, әсiресе студенттерге, магистранттар мен докторанттарға жаңа бiлiм алып, өзектi мәселелердi америкалық және ортаазиялық қатынаста АҚШ пен НАТО деңгейiнде талқылап, пiкiр бiлдiруге мүмкiндiк туғызатын өзiндiк ерекшелiгi бар форум болып табылады.

VII Жазғы мектептiң ерекшелiгi оның халықаралық беделiнде. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Ауғанстан, Ресей елдерiнен 40-тан аса үздiк студент, магистрант пен докторант шақырылды. Жазғы мектептi ұйымдастырушы лекторлар құрамын Қазақстан және АҚШ университетi мен ғылыми-зерттеу институттарынан танымал сарапшылар Грегори Глиссен, Елена Масторс және тағы басқалар толықтырды. Жазғы мектеп жұмысына бастапқыда Нью-Мексико университетiнiң американдық студенттерi қатысып, ортаазиялық замандастарымен дәрiсте, дискуссияда және семинарларда пiкiр алмасу мүмкiндiгiне ие болады.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары