ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ: ҚҰБЫЛМАЛЫ КЕЗЕҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ: ҚҰБЫЛМАЛЫ КЕЗЕҢ
2009 жылғы қор рыноктарының дүниежүзiлiк индекстерiнiң едәуiр төмендегенi 2010 жылғы сәуiр-мамыр айларында-ақ байқалған. Бұдан қазақстандық зейнетақы қорлары, халықаралық инвесторлар да залал шектi. Зейнетақы қорлары салымшыларының тыныштығы үшiн атап айтқымыз келетiн дәйек — терiс инвестициялық табыс кезiнде инвестициялық табыстан алынатын 15%-дық комиссия тек шығындарды жақсы инвестициялық табыспен толық жауып тастағаннан кейiн ғана аударылады.
2010 жылдың басында сарапшылар дүниежүзiлiк экономиканың сенiмдi өсiм беретiнiн айтқан. Оң беталыстарды күткен инвесторлар жыл аяғында жақсы табысқа жетуге талпынып, тәуекелдiк активтерге қаржы салымын өсiрiп келедi. Интеграциялық процестерiнiң тереңдеуi, бiр жағынан, Қазақстанның халықаралық экономикалық қарым-қатынастарының дамуына жол берсе, екiншi жағынан, дүниежүзiлiк құнды қағаз және валюта нарықтарының күрт ауытқуына тәуелдiлiгiн арттырады.
Өте қолайсыз жағдайларда Халық Банкiнiң Зейнетақы қорына 2010 жылғы мамыр айында 9,96 млрд.теңге терiс инвестициялық табыс есептелгендiгiне таңқалуға болмас. Бұл қордың зейнетақы активтерiнiң қоржынында үлестерiнiң сәйкесiнше 10,87% бен 11,62%-ды құрайтын өтiмдiлiгi жоғары акциялар құнының төмендеуi мен шетел облигацияларының валюталық қайта бағалауы нәтижесiнде болып отыр. Осы қиын жағдайларға қарамастан, қордың инвестицияық табысы қаңтар-сәуiр айы аралығында 21,11 млрд. теңге құрапты. Яғни, қор салымшыларына қобалжудың қажетi жоқ. Бұл дегенiмiз, қорыта келгенде, қордың өз салымшыларының шотына жылдың басынан 11,15 млрд.теңге сомадай жағымды инвестициялық табыс аударғанын бiлдiредi.
Сарапшылар қазiргi жағдай ұзаққа созылуы мүмкiн десе де, Қор орынды инвестициялық саясатты ұстануда. Халық Банкiнiң Зейнетақы қоры қоржынының құрылымы нарықтың осындай құбылмалылығына шыдауға толық мүмкiндiк бередi.
"Қоржынды тиiмдi басқарудың мақсаты — бiздiң салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын сақтау және көбейту болып табылады. Қордың зейнетақы активтерi жылдам қарқынмен өсуде. Инвестициялық табыстың көрсеткiштерiне әсер ететiн қысқа мерзiмдегi қаржы нарығының құбылмалығы әрдайым орын алып отырады. Алайда, қоржынды сауатты басқару мен оның кредиттiк сенiмдiлiгiнiң жоғары болуы осы ауытқуларды жеңiп шығуға мүмкiндiк бередi. Қабылданған тәуекелдер ұзақ мерзiмде ақталатын болады", — деп нарықтағы жағдайларда Активтердi басқару департаментiнiң директоры Гүлнар Баядiлова сараптайды. — Қазiргi жағдайдағы қордың терiс инвестициялық табысы қор қоржынындағы қаржы құралдарының эмитенттерiнiң, яғни компаниялардың қаржылық жағдайларының нашарлауына байланысты емес. Мұнда валюта бағамдарының, пайыздық сыйақы мөлшерлерiнiң және кредиттiк спредтерiнiң қозғалысын анықтайтын дүниежүзiлiк қаржы нарығындағы инвесторлардың жалпы негативтi (келеңсiз) көңiл-күйi керi әсерiн тигiзген. Бiрақ та, нарық осындай қарқынмен тез қалпына келе алады. Инвестордың қоржынындағы акциялардың саны, олардың нарықтық құнының төмендеуiне немесе өсуiне қарамастан өзгерiссiз қалады. Тек осы акциялардың нарықтық бағалары ғана ауысады.
2008 жылы инвесторлардың негативтi көңiл-күйi керi әсерiн бүкiл қаржы нарығына тигiзген едi. Жоғары өтiмдi қаржы құралдарынан тұратын қордың қоржыны 31 млрд. теңге залал шектi. Бiрақ, 2009 жылы нарықтар қайта қалпына келдi. Бұрын залал есептеуге мәжбүр еткiзген құнды қағаздар бойынша да табыс есептелгенiн атап айту керек.
2010 жылғы мамыр айының басында Халық Банкiнiң Зейнетақы қорының зейнетақы активтерi қоржынындағы акциялардың үлесi 13,23%-ды құрады. Зейнетақы активтерi қоржынының баланстандырылған құрылымы қор нарығының күрт төмендеу салдарын барынша азайтуға мүмкiндiк бердi. Сонымен, Қор қоржынның қомақты үлесi сенiмдiлiгi жоғары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздарынан, қазақстандық банктердегi депозиттерден, резидент және резидент емес эмитенттердiң облигацияларынан, рейтингi ААА-ға тең болатын халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларынан тұрады. Бұндай сенiмдiлiгi жоғары құралдардың жалпы үлесi 83,7%-ды құрайды. Сонымен қатар, алтынға салынған инвестициялар қор қоржынының 2,45%-ын құрайды. Өз кезегiнде алтын құбылмалы жағдай кезiнде инфляциядан және әртүрлi тәуекелдерден бiр қалыпты сақтандырады, қоржынды теңестiруге мүмкiндiк бередi.
— Бiздiң салымшылардың қордың қызметiнiң ашық та айқын екенiне, ал олардың, яғни салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн, бiр жағынан, заңнаманың өзi, екiншi жағынан, қордың атағы қорғайтынына баяғыдан көзi жеттi деп сенемiз, — дейдi Г.Баядiлова. Оның айтуынша, дүние жүзiлiк құнды қағаз нарығы мен валюта нарығының қысқа мерзiмде жоғары дәрежедегi белгiсiздiкке қарамастан, ұзақ мерзiмдi кезеңде нарықтардың қайта қалпына келуi күтiлуде. Мүмкiн, оған мұнайдың бағасының өсе бастауы себеп болар. Еуроның төмендеуi Еуро аймағының тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiстерiн қатарға қосуға ықпалын жасауы тиiс. Сонда жағдай түзелетiн болады. Ал инвестициялық қоржынның жоғары сапасы қорға өз салымшылары үшiн жоғары инвестициялық табыс табуға мүмкiндiк жасайды.
Данияр ҚОЖЕКЕНОВ, қаржы-қаражат
рыногының сарапшысы