РУСАКИДЕЙ БАПКЕР ӨЗIМIЗДЕ ДЕ БАР ЕДI ҒОЙ

РУСАКИДЕЙ БАПКЕР ӨЗIМIЗДЕ ДЕ БАР ЕДI ҒОЙ

РУСАКИДЕЙ БАПКЕР ӨЗIМIЗДЕ ДЕ БАР ЕДI ҒОЙ
ашық дереккөзі
429

Дүйсенбi күнi Қазақстан премьер-лигасының 20-тур ойындары аяқталды. Сенбi күнi "Ертiс" пен "Ақтөбе" арасында өткен матчтан бастау алған осы турда қонақтар басымдығы айқын сезiлдi.

Келесi аптаның сәрсенбiсiнде чемпиондар лигасында тартысты да ауыр матч күтiп тұрғанын бiлетiн "Ақтөбе" сырт алаңдағы кездесуде жанұшыра терлей қойған жоқ. Футбол одағының ойынды кейiнге шегеруге қарсы болғанын да айта кеткен жөн. Көкшетаулық "Оқжетпеске" нағыз футболдың қандай екенiн көрсеткен қостанайлықтар есептi бiрiншi таймның соңында-ақ күрделендiрiп жiбердi. Бәсекелесiнен 1 ұпай артық жинап тұрған "Тобыл" дәл қазiр турнир кестесiнiң шың басында.

"Тараз" өз алаңында кеншiлерге оңбай ұтылды. Бiр қызығы 25-минутқа дейiн алаң иелерi 1:0 есебiмен ұтып тұрған. Молдовалық жас маман Русакидiң қоластында жаттыққан жергiлiктi аяқдопшылардың ойындары мүлдем жүрмедi. Белгiсiз себептермен қорғанысқа жаңадан футболға жаңа аяқ басқан жас футболшы шықты. "Таразды" алға сүйреп жүрген Бауыржан Байтана қосалқы құрамда қалды. Ерзат Кенбаев секiлдi жылдам шабуылшы мүлде өз орнына қойылмаған. Тактикалық құрылымы өте нашар, бiрқатар қателiктерi көрiнiп тұрған команданың басына неге дәл осы маман келгенi мүлдем құпия. Дмитрий Огаймен келiсiмге келгелi тұрғанда алаң сыртындағы күштер әсер еткенiнен жалпы жұрт хабардар. Дәл сол Русакидей бола алатын Таразда бiлiктi маман жеткiлiктi едi ғой. Түсiнiксiз…

Ермұхамед МӘУЛЕН

Серіктес жаңалықтары