YШIНШI СЕКТОРДЫҢ ОТЫРЫСЫ

YШIНШI СЕКТОРДЫҢ ОТЫРЫСЫ

YШIНШI СЕКТОРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
ашық дереккөзі
3170

Елдiң әртүрлi қайырымдылық қорлары, қоғамдық бiрлестiктерi, жастар және волонтерлiк ұйымдары, блогерлерi мен бастамашы топтары Астанада бас қосып, үш күн бойы фандрейзинг мәдениетiн оқып, әлеуметтiк мәселелердi шешудiң жаңа тәсiлдерiн үйрендi. Қазақстанның Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен өткен Social Camp Astana 2010 атты елiмiздiң үкiметтiк емес ұйымдары (ҮЕҰ) үшiн ауқымды бейресми барысында ҮЕҰ әр кезде де әлеуметтiк жаңартулармен үздiк идеяларды жеткiзушi болып келгенi ашық айтылды.

Конференцияның басты мақсаты – елдiң қоғамдық секторының жұмысын елеулiрек, ашығырақ және тиiмдiрек ете түсу. Social Camp Astana 2010 мiндеттерiнiң iшiнде қоғамдық секторды дамытуға жаңа ынта беру және жақын арадағы үш жылғы жұмыстардың негiзгi трендтерiн белгiлеу де бар. Сондай-ақ, олар өз тәжiрибелерiмен бөлiсiп, 2012-2015 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына идеялары мен ұсыныстарын енгiздi. Аталған алқалы жиын аясында Social Ideas Market атты әлеуметтiк жобалар жәрмеңкесi өткiзiлдi. Ұсынылған өтiнiмдерден ең жарқын және нәтижеге бағытталған жобалар таңдалып, олар жалпы сомасы 3000 долларлық грантқа ие болды.

Сондай-ақ, ҮЕҰ-лардың бейресми конференциясында Қазақстанда Азаматтық қоғамды дамытудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзiрлеу мәселесi талқыланды. Қазақстанның Азаматтық альянсының президентi, Мәжiлiс депутаты А.Соловьеваның айтуынша, Тұжырымдама үш бағытты қамтиды: азаматтық қоғамның қалыптасуы, билiкпен байланыс және ҮЕҰ-ның сандық және сапалық дамуы. "Бұл басымдықтарға толықтай қол жеткiздiк деп айтуға болады. Ендiгi мақсат-мiндетiмiз сапалық құрамдастарды дамыту. Себебi, бiз қарапайым халықтың проблемаларын үкiметке түсiнiктi әрi нәтижелi болатындай етiп жеткiзетiн қоғамның ең белсендi бөлшегiмiз", – дейдi ол.

Д.ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары