"ҮШ ШАТҚАЛ" ТОҒАНЫ ӘЗЕР ШЫДАП ТҰР

"ҮШ ШАТҚАЛ" ТОҒАНЫ ӘЗЕР ШЫДАП ТҰР

"ҮШ ШАТҚАЛ" ТОҒАНЫ ӘЗЕР ШЫДАП ТҰР
ашық дереккөзі
613

Маусымнан берi мiнез көрсетiп, аптығын баса алмай тұрған Ұлы өзен (Янцзы) Қытай халқының дегбiрiн қашырып, жергiлiктi экономикаға әжептәуiр зиянын тигiзуде. Арнасында суармалы жерлер мен астық алқаптары бар дарияға салынған "Үш шатқал" (Санься) тоғаны опырылып кету қатерiнiң аз-ақ алдында тұр.

Ежелден тылсым табиғат пен таңғажайып құпияларға бай айдаһарлар елiнiң ұлы өзендерi ескi аңыздарды жаңғыртып жатқандай. Қытай мифологиясы бойынша Янцзы мен Хуанхэ өзендерi ғасырда бiр ашуға мiнiп, буырқанып, арнасынан асып, жағалауды бiр тазалап өтедi екен. Халықты қуаңшылық құрсауынан азат етiп, қаһарына iлiккендердi жер бетiнен сыпырып тастап, жаңа өмiр сыйлап отырады делiнедi аңыздарда.

Мұндай жағдай орын алған күнде Қытай халқы орны толмас қайғыға ұшырайды. Бұған дейiн дүниежүзiнде ең үлкен саналған АҚШ-тағы Гувер дамбасын кейiнге ысырып, әлемнiң сегiзiншi кереметi "Үш шатқал" тоғаны тұрғызылған болатын. "Үш шатқал" тоғанының экономикалық маңызын былай қойғанда, келер қауiптен, яғни топансудан ғасырлар бойы сын бермеген ғибадатхана жәдiгерлерi мен жақын маңайдағы елдi мекендердiң шаңырағын сыпырайын деп тұр. Бүгiнде тоғандағы судың атқылау көлемi 70 мың текше метрге жеттi. Ағыспен өрлей орналасқан Сычуань тарихи аймағында жүздан астам адам суға кетiп, бұл жерден 1,4 миллион адам қауiпсiз аймаққа көшiрiлдi. Биiктiгi 185 метр тоғанның толуына 20 метр ғана қалған. Әлемдiк мамандардың айтуынша, жуық арада су деңгейiнiң төмендеуi байқалмаса, тоған шыдас бермейдi. Хубэй елдi мекенiнiң тұрғындары толастамайтын жауын мен тоған суының көтерiлуiнен әбден зардап шектi.

Әлем елдерiнде қуаңшылық басылмай тұрса, бұл аумақтағы миллиондаған халықтың қуаңшылыққа жету арманына айналған сияқты. Осы қатерлi кесапат қайталануы әбден мүмкiн. Жергiлiктi халықтың жадынан бұл оқиға әлi сызыла қойған жоқ: 1998 жылы Янцзының қанды суы 4000 адамның өмiрiн қиды, 18 миллион адам қауiпсiз жерге көшiрiлдi. Әуелде тоған өзен суының деңгейiн реттеу үшiн салынды, бiрақ атқылаған су ағынын қытайлықтар тиiмдi пайдалана бiлген болатын.

"ҮШ ШАТҚАЛ" ГЭС-I ҚҰРЫЛЫСЫ

Янцзы өзенiнiң суы мол. Алып дариядан тоған салу идеясы өткен ғасырдан бастау алады. Сунь Ятсеннiң бастамасымен 1919 жылы қолға алынып, қолдау таппай, жылы жабылып қойылады. Себебi, тоғанның ауқымдылығын есепке ала отырып, ол кезде құрылысты бастауға қытай халқының да шама-шарқы жетпедi, мүмкiндiктерi шектеулi едi. 1954 жылы су тасқыны жағалауды қанды бояуға бояды, 1956 жылы жарық көрген Мао Цзедунның "Плавание" деген поэмасының жазылуына түрткi болды. Дәп осы жазбаларда Янцзы дариясынан платина салу идеясы өрiс алады.

"Тас қабырғалар ағысқа,

Алапат жауын мен бұлттарға тосқауыл болады

Тар шатқалдар айдын көлге айналғанша", – деп жазылады поэмада.

Бұдан өзге де Чжоу Эньлэй, Дэн Сяопин және Цзян Цзэминь сияқты қоғам қайраткерлерiнiң бастамалары да тоғанның салынуына септiгiн тигiздi.

Әлемдiк гидроэнергетика тарихындағы электр қуатын өндiретiн алпауыттың құрылысы 1992 жылы 22 500 МВТ басталды. Қытайлықтар бұл жобаны "социализм мен инженерлiк идеяның триумфы" деп атады. Сондай-ақ, тоғанның негiзгi қызметi Янцзы аймағын тасқын қаупiнен аластату, тек одан кейiн ғана электр қуатын өндiру көзделдi. Өйткенi бұл ГЭС-тен алынатын электр қуаты алып аумақтың кiшкене бөлiгiн ғана қамтамасыз ете алады.

ҚХР үкiметi бұл құрылысқа әуелде 203, 9 (30 млрд.доллар) миллиард юань жұмсалады деп болжады, бiрақ егжей-тегжейлi есептей келе жоба 27,2 миллиард доллар қаражатқа бой көтердi. Суы мол өзен ГЭС құрылысы бiткен соң да Қытай үкiметiн жерге қаратпады, бiрден 26 генератор iске қосылған 2008 жылы құрылысқа жұмсалған қаражаттың 1/3-iн жауып тастады. Құрылыс толығымен аяқталғанда 15 атом станциясы беретiн электр қуатын өндiрдi.

Тегiнде қауiп-қатерге толы құрылыстың қарсыластары да бұғып жатпады. Өйткенi, үлкен аймаққа тұрғызылатын бөген шаруашылық жерлерiн судың астында қалдырғаны мәлiм. Соңғы мыңжылдықта су тасқыны 215 қайғылы оқиғаға себепкер болған едi. Бұл жерден 1,3 миллион тұрғын үйреншiктi мекенiнен басқа жаққа ерiксiз қоныстандырылды. Сондай-ақ, 1300-ге жуық археологиялық құндылықтар мен тарихи қазбалардың орны, зауыт-фабрикалар су астында қалды.

Тоғанның су өткiзгiш және навигациялық мүмкiндiктерi тасқын қаупiн сейiлте түсетiнi сөзсiз. Бүгiнде 15 миллион халық пен 1,5 миллион гектар суармалы жерлерге қалқан болып тұр.

P.S. Топан су – табиғаттың тiлсiз жауы. Қытай елiне төнген табиғи апаттың бетi қайтпай, таяу көршiмiздiң жерiндегi құрбандар саны күн өткен сайын көбейiп келедi. "Үш шатқал" тоғаны бұзылып, елге бұрын-соңды болмаған апат төнсе, Қазақстан бейтарап қала алмайтыны түсiнiктi. Қызылағаш апатын бастан кешкен елiмiз апаттан соң қайта қалпына келтiру жұмыстарынан айтарлықтай тәжiрибе жинақтады. Ең абзалы, 7 миллиардқа жетiп қалған адамзатқа еш апат қаупi төнбесiн деп тiлегенiмiз жөн.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары