ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢIРЛIК КӨШБАСШЫ ЕКЕНI МОЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢIРЛIК КӨШБАСШЫ ЕКЕНI МОЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢIРЛIК КӨШБАСШЫ ЕКЕНI МОЙЫНДАЛДЫ
ашық дереккөзі
190

Астанада ЕҚЫҰ Саммитiн өткiзу туралы түпкiлiктi шешiм нағыз тарихи оқиға және ол Қазақстанның осы ұйымға төрағалығына берiлген жоғары бағаның заңды нәтижесi. Ең бастысы, ол әлемдiк қауымдастықтың Қазақстан Президентi, партиямыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың халықаралық беделiн мойындауының және жаһандық бастамаларын қолдауының айғағы. Сол арқылы Қазақстан өзiнiң өңiрлiк көшбасшы мәртебесiн тағы бiр рет растап қана қоймай, сонымен бiрге жаһандық деңгейдегi ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн нығайтуға ұмтылатын мемлекет екендiгiн де айғақтады, оның өзi бiздiң елiмiздiң әлемдiк аренадағы беделiн арттыра түседi.

ЕҚЫҰ-ны басқарушы елдiң басшысы ретiнде Қазақстан Президентiне оның дамуына жаңа серпiн берiп, ұйымның алдына оның жұмысына шығармашылық мазмұн мен өз миссиясын қазiргi заман тұрғысынан зерделеуге жағдай жасайтындай жаңа көкейкестi мақсаттар қоюдың орайы келдi.

Бiздiң көшбасшымыздың қызметi Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуi туралы шешiм қабылдауда құнды актив болып қана қоймай, сонымен бiрге мүше мемлекеттердiң Астана қаласында Саммит өткiзу туралы келiсiлген шешiмiне де жағдай жасады.

Алда тұрған Астана Саммитiнiң халықаралық саяси күнтiзбеде айтулы оқиға бола отырып, қазiргi заманның проблемалары мен қауiп-қатерлерiн шешу iсiне айтарлықтай үлес қосатынына еш күмән жоқ.

Ал қазақстандықтар, сөз жоқ, өз Президентi үшiн, өз елi үшiн мақтаныш сезiмiне бөленуде.

Серіктес жаңалықтары