ЕЛIМIЗДЕ КОМБАЙН ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

ЕЛIМIЗДЕ КОМБАЙН ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

ЕЛIМIЗДЕ КОМБАЙН ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
ашық дереккөзі
295

Елiмiздiң астықты өңiрлерi егiндi тегiс жиып алудың тиiмдi жолдарын өздерi табуда. Қостанай облысының Қамысты ауданындағы "Алтынсарин" ЖШС-i "Кормилец" комбайнын құрастырды. Бұл отандық құраманың ерекшелiгi шөп шапқыш комбайндардың өздерi бара алмайтын қамысты жерлердi шабуға арналған.

Аталмыш шаруашылық директоры Борис Князевтiң айуынша, техниканың жаңа түрiн өмiрге әкелу қиынға соқпаса керек. Тiптен көктем айлары бұған жеткiлiктi болған көрiнедi. Идея авторлары – бас инженерi Виталий Шушпанников пен инженер Андрей Галанин. "Кез-келген төбе де, су да оған кедергi бола алмайды. Бұл – алтынсариндiктердiң өздерi ойлап тапқан, яғни осындай бiрден-бiр техника. Екi айдың iшiнде комбайн 1200 тонна шөп шаба алады. Бұл өте тиiмдi әдiс болмақ", — дейдi директор. Айтқандай, комбайн бункерiне 2 тонна шөп сыяды. Сонда күнiне 10 тонна шөп шабатын мүмкiндiгi бар дейдi құрастырушылар. "Алтынсарин" ЖШС құрғақшылыққа қарамастан 4600 тонна пiшен даярлап алған.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары