ТЕРIСКЕЙ УРАННАН ТYСЕТIН ТАБЫСҚА ҒАНА ҚАРАП ОТЫРҒАН ЖОҚ

ТЕРIСКЕЙ УРАННАН ТYСЕТIН ТАБЫСҚА ҒАНА ҚАРАП ОТЫРҒАН ЖОҚ

ТЕРIСКЕЙ УРАННАН ТYСЕТIН ТАБЫСҚА ҒАНА ҚАРАП ОТЫРҒАН ЖОҚ
ашық дереккөзі
440

Созақта фосфор, газ кенiштерiн игеру қоға алынуда

Созақ жер көлемi жағынан облыстағы аудан-қалалардың арасында алғашқы орынды алады. Ал, халқының саны жағынан Терiскей ең соңғы орында. Мұнда бар-жоғы 50 мыңнан астам халық тұрады. Бұл 370 мың халқы бар Мақтарал ауданымен, 250 мың халқы бар Сайрам, Сарыағаш аудандарымен салыстыруға келмейдi, әрине.

Терiскейдiң табиғаты да ала-құла, таулы-тасты, шөлдi, көлдi болып келедi. Бiр сөзбен айтқанда, Созақ ешкiмге ұқсамайтын, өзiндiк ерекшелiгi көп өңiр. Мұндай өзгешелiк, ерекшелiк ауданның экономикасынан да байқалады. Оның ең бастысы, Созақ – өз қажеттiлiгiн өзi таба алатын, сонымен бiрге облыстық бюджетке де қомақты үлес қосатын облыстағы бiрден-бiр аудан.

Биыл Созақ ауданында бюджет кiрiсi 31 миллирад 595 миллион теңгенi құрап, жоспар 2 есеге орындалған. Жергiлiктi қазынаға түсетiн түсiмдер өткен жылмен салыстырғанда 18 миллирад 747 миллион теңгеге, яғни 246 пайызға артып отыр. Терiскейдегi халықтың әлеуметтiк тұрмысы да өзгелермен салыстырғанда көш iлгерi. Мәселен, облыс орталығы – Шымкентте орташа айлық жалақы 58 мың теңгенiң төңiрегiнде болса, Созақта ол 126 181 теңгенi құрайды. Әрине, мұндай көл-көсiр байлықтың аудандағы уран кенiштерiнен, "Қазатомпром" Ұлттық компаниясы арқылы түсiп жатқанына ешкiм дау айта алмас. Бiрақ терiскейлiктер тек ураннан түсетiн табысқа қол жайып отырған жоқ.

Ауданда халықтың әл-ауқатын арттыратын бiрқатар инвестициялық жобалар жасалуда. Осыдан он-он бес жыл бұрын келешегi тұманданған, малдан басқа ешқандай табыс көзi болмаған. Терiскейдiң кейiнгi жылдары инвесторлар үшiн тиiмдi өңiрге айналғаны да жағымды жаңалық. Мәселен, биыл ауданға тартылған инвестицияның көлемi 15 миллиард 54 миллион теңгенi құрап, өткен жылдың осы мерзiмiмен салыстырғанда 142 пайызға артқан. Йодтталған ас тұзын өндiретiн "Созақ тұз" ЖШС өзiнiң өнiм көлемiн таяуда 20 мың тоннаға дейiн арттырмақшы. Ол үшiн шетелдiк инвесторлардың көмегiмен құны 229 миллион теңге болатын зауыт iске қосылады. Терiскейдiң қойнауынан "көгiлдiр отын" да табылып отыр. Қазiр осы табиғи байлықты игеру үшiн "Марсель Петролеум" ЖШС барлау жұмыстарын жүргiзудi бастады. Қаратаудың фосфорға бай екенi бұрыннан белгiлi. Бұған дейiн осы байлықты Шымкенттегi фосфор зауытында өңделiп келген болатын. Алып кәсiпорынның тынысы тоқтағалы 20 жылға жуықтап қалды. Мiне, биылдан бастап фосфор кенiн қайта игеру жұмыстары қолға алынуда. Бұл iрi жоба жүзеге асқан соң, фосфордан шығатын минералды тыңайтқыштар iшкi нарықтың қажеттiлiгiн толығымен қанағаттандырады, мыңдаған адам жұмыспен қамтылады.

Созақ – аграрлы аудан. Мұнда қазiр 648 агроқұрылым бар. Бүгiнгi күнге соның iшiндегi 205 шаруақожалығы iрiленген. 13 агроқұрылым асыл тұқымды мал басын көбейтумен айналысып отыр. Алты айда 46,4 гектар жерге тамшылатып суару әдiсi енгiзiлсе, 0,355 гектар жерге жылыжай салынған. Бiлiм, денсаулық сақтау саласына қаралған қаржылар да жыл санап артып келедi. Биыл наурызда "Катко" бiрлескен кәсiпорнының демеушiлiгiмен аудандық перзентханаға 11 миллион теңгенiң заманауи құрал-жабдықтары алынды. Аталған кәсiпорынның демеушiлiгiмен Шолаққорған ауылында А.Сүлейменов атындағы мектептiң құрылысын биыл аяқтау көзделiп отыр. Сондай-ақ, Терiскейде облыстық және аудандық бюджеттердiң есебiнен 1 859 119 мың теңгеге 4 мектептiң, 25 орындық аурухананың, 3 елдi мекенде дәрiгерлiк амбулаторияның және Баба ата ауылында медициналық пункттiң құрылысы жүрiп жатыр.

Созақ барлық ауыл әкiмдiк орталықтарында балабақшасы бар бiрден-бiр аудан. Биылдың өзiнде 7 балабақша ашу жоспарланып отыр. Бiр атап өтерi, Үкiмет аудан-қала әкiмдiктерiнен 2010 жылы барлық бүлдiршiндердiң 40 пайызын балабақшамен қамтамасыз етудi талап етiп отырғанда, Созақта бұл көрсеткiш бүгiнгi күнi 42 пайызды құрайды. Талай өнер қайраткерлерiн түлеткен Созақта кейiнгi жылдары мәдениет, спорт саласында оң өзгерiстер мол. Соңғы бiрнеше жылда аудан орталығына лайықты спорт кешенi, екi стадион, ипподром, басқа да спорт кешендерi пайдалануға берiлдi.

Бұдан кейiн Созақта проблема мүлдем жоқ деген түсiнiк тумаса керек.

– Аудандағы ең негiзгi проблеманың бiрi – ауыз су. Биылдан бастап аудан орталығы – Шолқорғанда су 24 сағат берiлуде. Қарағұрда, Сызғанда қосымша ұңғы қазылуда. Ол бiткен соң аталған елдi мекендерге де су тәулiк бойы берiледi. Тасты елдi мекенiндегi қазылған ұңғыдан шыққан судың кермектiгi жоғары болып, СЭС пайдалануға рұқсат бермей отыр. Қазiр мердiгер қайта ұңғыма қазып жатыр. Сондай-ақ биыл "Жол картасы" бағдарламасы аясында Жыныс, Жартытөбе және Аққолтық елдi мекендерiне ауыз су құбыры жүргiзiлуде, – дейдi аудан әкiмi Созақбай Әбдiқұлов. – Биыл ауданның өзiндiк кiрiсi 176 миллион теңгеге артты. Бiрақ тек ураннан түсетiн қаражатқа қарап отыруға болмайды. Аудан бойынша 5615 адам жұмыс iстейтiн 2950 шағын және орта кәсiпкерлiк нысандары жүұмыс iстеуде. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 155 адамға немесе 149 нысанға артық. Кәсiпкерлiк саладан түсiп жатқан түсiм 1 миллион, 39 мың теңгеге артып отыр. Биыл аудан көлемiнде 13 үлкен жоба дайындалып жатыр. Олар жүзеге асса, 111 жұмыс орны ашылады. Бұл жобаларда ауданда минералды су шығару, демалыс орындарын, шипажайлар ашу көзделген. Жоспар бойынша шипажайлар келушiлердi қымызбен, қымыранмен емдейтiн болады, әрi олар үзiлiссiз жылдың төрт мезгiлiнде жұмыс iстейдi. Ал, ауыл шаруашылығы бойынша "Максимум" инвестициялық орталығы арқылы ауданда барлығы 11 жоба ұсынылып, оның 9-ы мақұлданды. Яғни, Созақта сүт өңдейтiн, терi илейтiн цехтарын ашу жобалары қаржыландырылатын болады.

Айтқандай, демалыс орындары демекшi, Созақ аудандық әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен терiскейлiк озат және спортқа бейiмдi 90 оқушы биылғы жазғы каникулда Алматы қаласындағы "Табаган" спорттық-ойын сауық кешенiнде тегiн демалып қайтты.

Бақытжан ӘБДIРАШҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары