ҚР Әдiлет министрi Рашид Төлеутайұлы Түсiпбеков мырзаның назарына!

ҚР Әдiлет министрi Рашид Төлеутайұлы Түсiпбеков мырзаның назарына!

ҚР Әдiлет министрi Рашид Төлеутайұлы Түсiпбеков мырзаның назарына!
ашық дереккөзі
243

ҚАЗАҚША ЕСIМДЕР ҚАШАН БIРIЗГЕ ТҮСЕДI?

Құрметтi Рашид Төлеутайұлы мырза!

Сiздiң министрлiк Қазақстандағы адамдарды идентификациялайтын бiрден-бiр мемлекеттiк орган болғандықтан, қазақтардың аты-жөнiнiң рәсiмделуiне бiрден-бiр жауапты болып табылады. Алайда, Сiз әлемдегi екi жүзге тарта мемлекетi бар этностың бiрiне жататын қазақ ұлтының бүгiнгi аса күрделi жағдайдағы оним мәселесiнен беймәлiм боларсыз. Бiрақ бұл мәселе қазақ ортасында әбден жауыр болған жайт. Осы мәселеде кейбiр қазақша есiмнiң немесе тектiң кемiнде жиырма түрлi бұрмаланып, орыс тiлiндегi төлқұжаттарға түсiп, қор болып отырғанын сiзге хабардар етудi азаматтық парызым деп бiлемiн.

Әрине, әрбiр баланың, азаматтың аты-жөнiнде Сiздiң министр ретiнде шаруаңыз болмауы мүмкiн және ол әркiмнiң жеке құқығы да, шаруасы да. Алайда, өзiнiң тәуелсiз елiнде өмiр сүрiп, аты-жөнiн ана тiлiнде рәсiмдей алмай отырған қазақ деген халықтан хабардар болу – Сiздiң де азаматтық парызыңыз, мемлекетке мәйек болып отырған қазақ ұлтының алдындағы мiндетiңiз болар едi.

Сiз басқарып отырған министрлiктiң бүгiнгi қызмет дәстүрi бойынша, Қазақстан азаматтары өздерi талап етпейiнше, мемлекеттiк тiлдегi куәлiк пен төлқұжат алу мүмкiн емес, есесiне Ресейдiң мемлекеттiк тiлiндегi және орыс дәстүрiне негiзделген аты-жөндi арқалау қазақтардың заңдалған сыбағасы iспеттi. Сонда мемлекеттiк тiлде құжатын рәсiмдей алмайтын адам өзiн қай елдiң азаматы сезiнуi керек?

Орыс үлгiсiндегi аты-жөннен ажырамау – қазақтың маңдайына жазылған заң ба, әлде нәсiлдiк кемсiтудiң белгiсi ме? Тәуелсiздiгiне жиырма жыл толғалы отырған ұлттың құлдық белгiсiндей "ов" пен "ичтен" ажырау соншалықты қауiптi ме? Нормативтiк-құқықтық жағдай көтермесе, Сiздiң министрлiк неге бастама жасап, өз мiндетiн атқармайды? Елдегi азаматтардың сексен пайызы түркiтектi жандар бола тұрып, славянтектi ониммен рәсiмделу қандай ырым, қандай акт? Бiр елдiң азаматтары ала-құла тiлде неге рәсiмделедi?

Министр мырза! Аталмыш мәселе – атүстi қарайтындай ұсақ-түйек нәрсе емес, тiптi, заңнан тыс та жайт емес! Қазақстандық куәлiк пен төлқұжатта барлық азаматтардың аты-жөндерi әуелi мемлекеттiк тiлде рәсiмделiп, қосымша орыс және ағылшын тiлдерiнде транскрипциялануы тиiс! Елдегi барлық актлер ең әуелi мемлекеттiк тiлде рәсiмделуi тиiс екендiгiн жақсы бiлесiз, бiрақ бұл жағдай бойынша қордаланған мәселенi қарастырмау мемлекеттiк мүдденi аяқасты ету емес пе?! Сiздiң министрлiк неге қоғамдық элита мен тiл мамандарын қатыстырып, осы мәселенi қолға алмайды?

Қоя берсек, сауал көп. Бүкiл ұлттың атынан сөйлеуге, оның жоғын жоқтауға менiң қақым жоқ, бiрақ қазақ деген сұраусыз халық та жоқ екенiн Сiз де ескеруiңiз керек шығар.

Сағат Есмаханұлы, Қазақстан азаматы

Серіктес жаңалықтары