ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ
ашық дереккөзі
277

Алматы қаласының Жетiсу әкiмдiгiнде Ақпараттық бiлiм беру орталығының ашылу салтанаты болып өттi. Бұл шара Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениетi мен қаржылық сауаттылығын арттыру шеңберiнде Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiмен бiрлесiп ұйымдастырылып отыр.

Ақпараттық бiлiм беру орталығының негiзгi мақсаты – семинарлар мен кеңестер өткiзу арқылы ел халқының қаржылық сауаттылығын арттыру. Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң төраға орынбасары Дархан Нұрпейiсовтiң айтуынша, агенттiк үшiншi жыл қатарынан елiмiздiң тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға қатысты жұмыстарды жүргiзiп келедi. Осы уақыт аралығында көптеген бiлiм беру iс-шаралары, семинарлар мен лекциялар, көрмелер ұйымдастырылып, арнайы бiлiм беру жобалары iске асырылды. Атап айтқанда, фильмдер, кiтаптар, роликтер, брошюралар, компьютерлiк ойындар, мақалалар, жеке қаражатты есептеу бағдарламасы, т.б. Бүгiнде ақпараттық бiлiм беру орталығы елiмiздiң 17 қаласында қызмет етедi.

Жетiсу ауданының әкiмi Ербол Әлиқұловтың пiкiрiнше, Қазақстанның iрi қалаларында орталықтың кiшiгiрiм филиалдарын ашу туралы оңтайлы шешiмнiң қабылдануы құптарлық жайт. Мұндағы мақсат – қаланың әрбiр тұрғыны үшiн өз ауданында орналасқан бiлiм беру семинарларына қатысу мүмкiндiгiн ұсыну екенi белгiлi. Орталық жұмыс кестесiн алматылықтардың жұмыс күнiне орайластырған. Сағат 10-нан 18-ге дейiнгi уақыт аралығында лекцияға қатысып, өзiңiздi мазалаған сұрақтарға кеңестер мен жауаптар аласыз. Мәселен лекцияға қатысу арқылы отбасылық бюджеттi басқару жолдары мен қаражатты инвестициялаудың көзiн, сондай-ақ зейнетақы қорын қалай таңдауға болатындығын меңгеруге болады. Бұл – кез келген азаматтың қаржылық сауатын арттыратын орталық болмақшы.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары