АЛМАТЫДА ИНКАССАТОР АЖАЛ ҚҰШТЫ

АЛМАТЫДА ИНКАССАТОР АЖАЛ ҚҰШТЫ

АЛМАТЫДА ИНКАССАТОР АЖАЛ ҚҰШТЫ
ашық дереккөзі
612

Миллионды қолды қылғандар iздестiрiлуде

Екi күн бұрын Алматының орталық көшелерiнiң бiрiнде, тапа-тал түсте инкассаторларға шабуыл жасалды. Мұздай қаруланған топ инкассаторларға шабуыл жасап, қомақты қаражатты алып кеткен. Инкассаторлық қызмет атқарған жекеменшiк фирманың қызметкерлерiне автотұрақта тапаншадан оқ жаудырылды.

Куәгерлердiң сөзiне қарағанда, қарулы шабуылға екi адам қатысқан көрiнедi. Олар алдымен инкассаторлардың аяғынан ата бастапты. Ақша салынған қапты көтерiп келе жатқан инкассатор жерге етпеттеп құлаған сәтте, қаскүнемдер оның басынан атып жiбередi. Аяғынан ауыр жараланған екiншi серiгi ауруханаға жеткiзiлдi. Бейресми деректерге сүйенсек, ақша салынған сөмкеде 40 миллион теңге болыпты. Оқиға Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр мен Аманкелдi көшелерiнiң қиылысында болған екен. Бұл кезде инкассаторлар зәулiм ғимараттың 5-шi қабатындағы ақша салатын терминалға бара жатқан. Бiр қап ақшаны қолдарына түсiрген қарақшылар дереу iздерiн суытып үлгередi.

Жекеменшiк фирманың күзетшiлерiне жасалған қарақшылық әрекеттi ашу үшiн Алматы Iшкi iстер департаментiнде тәжiрибелi мамандардан жинақталған арнайы топ iске кiрiстi. Қарақшыларды iздестiру жұмыстары да жедел қолға алынды. Қазiр қарақшыларды iздестiру жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде.

Iз кесушiлердiң пiкiрiне қарағанда, қарақшылар әзiрге қаладан ұзап кете қойған жоқ. Қылмыс жасаған қандықол қарақшылар қаланың бiр бұрышында жасырынып жатуы да ғажап емес.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары