"ДАМУ" БАЙҚАУЫНЫҢ ДҮЛДҮЛДЕРI

"ДАМУ" БАЙҚАУЫНЫҢ ДҮЛДҮЛДЕРI

"ДАМУ" БАЙҚАУЫНЫҢ ДҮЛДҮЛДЕРI
ашық дереккөзі
264

"Қазақстан даму банкi" АҚ-ы мен Қазақстан Журналистер одағы БАҚ арасында өткiзген республикалық "Даму" байқауы бұдан былай дәстүрлi түрде жыл сайын өтетiн болды. Оны ұйымдастырушылар 19 наурызда Алматыда байқаудың алғашқы жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмiнде айтты.

"ҚР Үдемелi индустриялық-инновациялық мемлекеттiк даму бағдарламасын жүзе асыру аясында экономика мен қаржы салаларындағы үздiк сараптамалық материалдарға жарияланған бұл байқауға елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен 120-дай жарияланым келiп түстi. Алайда олардың iшiнде индустриялық дамуға арналған материалдар аз болды. Сондықтан да қазылар алқасының шешiмiмен олардың негiзгi кезеңге – 50, ал ақтық сынға 28-i ғана жiберiлдi", – дейдi Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейiтқазы Матаев. "Қазақстанның даму банкi" АҚ-ның басқарма төрағасы Ғалым Исқалиев жеңiмпаздарға диплом тапсыру кезiнде бұл байқаудың алдағы уақытта дәстүрлi шараға айналатынын жеткiздi. Сыйлықтың көлемi жағынан (700 мың теңге) Президент стипендиясы мен грантынан кейiнгi ең үлкен байқау болып отырған бұл байқауда жеңiмпаздар 4 аталым бойынша марапатталды. Онда "Қазақ тiлдi мерзiмдi басылымдар арасынан "Түркiстан" газетiнен Есенгүл Кәпқызы, "Мұнайлы Астана" (Атырау) газетiнен Құттыгерей Смадияр, орыс тiлдi мерзiмдi басылымдар арасынан "Деловая неделя" газетiнен Ұлболсын Қожантаева үздiк деп танылды. Мұндай құрметке қазақтiлдi телерадио арналарының қызметкерлерiнен "Қазақстан" РТРК" АҚ-нан Нұртас Көшеров пен ҚР Президентi телерадиокешенiнiң шығармашылық ұжымы, ал орыстiлдi телерадио арналарынан "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясынан Анастасия Солнцева және "Қазақстан" РТРК" АҚ-ы редакторлары Әйгерiм Оразалиева мен Арайлым Рашитова ие болды.
"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары