"ЖАПЫРАҚША" ЖАПОНИЯҒА АТТАНАДЫ

"ЖАПЫРАҚША" ЖАПОНИЯҒА АТТАНАДЫ

"ЖАПЫРАҚША" ЖАПОНИЯҒА АТТАНАДЫ
ашық дереккөзі
343

Қазақ студенттерi көмекке 1 млн. 534 мың теңге жинады

Жапониядағы тiлсiз жаудың қасiретi бүгiндерi әлемдiк мәселеге айналды. Жер сiлкiнiсiнiң кесiрi тек жапондықтарды ғана емес, планетамызды алаңдатып отыр.

3 сәуiрдегi Киодо ақпарат агенттiгiнiң хабарлауынша Жапонияның Хонсю аралының аумағында болған алапат зiлзала мен цунамидiң кесiрiнен қаза тапқандардың саны 12 мың адамға жеткен. Ал хабар-ошарсыз кеткендер саны – 15 мың 472 адам. Табиғи апаттан зардап шеккендерге қазақстандық бауырларымыз қолдан келгенше көмек көрсетуде. Алғаш бастама көтерiп, көмек қолын созғандар – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң студенттерi. Олар көмек ретiнде 1 миллион 534 мың теңге жинап, Жапонияның елiмiздегi консулына тапсырған болатын. Осыдан екi апта бұрын студенттер белсендi топ құрып, қаржы жинай бастаған. Бұл идея ұстаздардың арасында да қолдау тауып, олар да арнайы қорға бiр күндiк жалақыларын аударды. Сондай-ақ, медицина университетiнiң студентi Мұхит Құлмағамбетов "7-арнаға" берген сұхбатында: "Бұл игi шараны әлi жалғастырып жатырмыз. Бiз ғана емес, басқа да оқу орындарының студенттерi де көмек бередi деген ойдамыз. Бұл iске бiрiншi курстан бастап, барлық курстың студенттерi қатысты. Қолдарынан келгенше көмек көрсеттi", – деген болатын.

Сонымен қатар, сәуiрдiң 5-i күнi консул Катамото Масахироға Чернобыль апаты кезiнде қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан арнайы бетперде табыс етiлдi. Бұл бетперде – "Жапырақша" деп аталады және тыныс алу жолдарын барлық улы заттардан қорғайды екен. Консул бетперденi осы аптада елiне жiбередi. Егер ол жапондықтарға ұнаса, Қазақстан Күншығыс елiне респиратордың iрi партиясын бермек.

"Бардан – пейiл, жақсыдан – мейiр" демекшi, жақсылық жасаудың пайдасы болмаса, кесiрi жоқ.

Мөлдiр МОЛДАХМЕТ, студент

Серіктес жаңалықтары