КҮНКӨРIСТIҢ ЕҢ ТӨМЕНГI КӨРСЕТКIШI – 15 609 ТЕҢГЕ

КҮНКӨРIСТIҢ ЕҢ ТӨМЕНГI КӨРСЕТКIШI – 15 609 ТЕҢГЕ

КҮНКӨРIСТIҢ ЕҢ ТӨМЕНГI КӨРСЕТКIШI – 15 609 ТЕҢГЕ
ашық дереккөзі
258

Жыл сайынғы қымбатшылық тұтынушыларды қажытып бiттi. Бiртұтас экономикалық кеңiстiк аясында үш ел бойынша бағалар теңестiрiледi. Ол үшiн кезең-кезеңiмен бағаны көтеру концепциясы қарастырылған. Алдымен газ, жанармай, жылу және электр энергетикасының төлемдерi көтерiлуге тиiс және бұл жүйе бiртiндеп жүзеге асуда.

Көктемгi қымбатшылықтың орны бөлек. Қысқы қамбаның түбi қағылып, "жуанның жiңiшкеретiн" тұсы екенi белгiлi. Ұзынсарының ұзаққа созылуы азық-түлiк бағасын одан әрi қымбаттата беретiнi айтпаса да түсiнiктi. 2011 жылдың наурыз айында өткен жылдың наурызымен салыстырғанда, жарма бағасы – 91.3, жемiс пен көкөнiс – 23.1, май мен тоңмай – 22.4, ұн – 12.8, сүт өнiмдерi – 9, ал макарон өнiмдерi – 5.1, нан – 3.3 пайызға жоғарылаған. Жалпы есепте қымбатшылық көрсеткiшi – 12.6 пайыз деңгейiнде тұр. Ет өнiмдерi 15.1 пайызға қымбаттап, қазақтың қазанын әбiгерге салып тұрғаны.

Жуырда БҰҰ дүниежүзiнде азық-түлiк бағасы қымбаттап барады деп жарияға жар салған болатын. Қымбатшылық өз алдына, ұсақ-түйек қымбатшылыққа бола халық көтерiле қоймас. Десек те күнкөрiстiң ең төменгi көрсеткiшi адам басына шаққанда 15 609 теңгеге жетiптi. Әрине орташа есеппен алынған ең төменгi шығындар қала халқына жұғын да болмайтыны белгiлi. Себебi бұл шығынның үлкен үлесi тамаққа кетедi, жатын орын, яғни коммуналдық шығын үлесiне азғантай пайыз қалып тұр. Жалпы республика бойынша өмiр сүру деңгейi жақсы аймақтар – Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Өскемен қалалары. Осы елдi мекендерде өмiр сүру деңгейi қымбат, сарапшылардың айтуынша, азық-түлiк пен жылжымайтын мүлiк бағасы бойынша Батыс Еуропадан кем емес. Сонда қалай, баға қымбаттаған сайын өмiр сүру деңгейi жақсара ма?

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары