"Жұлдызай" фестивалi – мүмкiндiктерi шектеулi балаларға қоғам тарапынан қолдау ұйытқысы
"Жұлдызай" фестивалi – мүмкiндiктерi шектеулi балаларға қоғам тарапынан қолдау ұйытқысы
Сәуiр айының алғашқы күнi "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметiнде Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған Мүмкiндiктерi шектеулi балалардың VI республикалық "Жұлдызай" шығармашылық фестивалiнiң басталуына орай баспасөз конференциясы өттi.
Фестиваль соңғы алты жылдан берi республикалық деңгейде өткiзiлiп келедi. Оның мақсаты шығармашыл дарынды балаларды анықтау, олардың жеке ерекшелiк таланттарын дамыту, қоғамда әлеуметтiк бейiмделуiне қолдау көрсету, мүгедек балалардың проблемаларына қоғамдастықтың назарын аудару, ерекше қажеттiлiктерi бар балаларға қоғамның позитивтi қарым-қатынасын қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетiн дамытуға қолдау көрсету болып табылады.
2011 жылғы 1 қаңтар бойынша мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың жалпы саны – шамамен 484 мың адам. Бұл елдегi жалпы халықтың 2,9% құрайды, оның iшiнде 45,8 мыңы – мүгедек балалар.
Мiне, сондықтан мемлекет көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиясы халықтың әлеуметтiк осал жiктерiне ерекше қолдау көрсетуге бағытталған және елдi әлеуметтiк жаңарту бағдарламасы шеңберiнде осы секiлдi iс-шараларға ерекше қолдау көрсетiлуде.
Осындай резонансты iс-шараны Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қолдауымен "Жұлдызай" қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр.
Ағымдағы жылы фестивальге Қазақстан бойынша 4 000 талантты мүгедек-балалар қатысты. 14 наурыз бен 21 сәуiр аралығында республиканың барлық облыстық орталықтарында республикалық қазылар алқасының қатысуымен фестивальдiң бiрiншi iрiктеу кезеңi басталды. Алматы, Талдықорған қалаларынан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарынан номинанттар анықталды.
Бұдан әрi "Жұлдызай" бағыты Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Қарағанды және Астана қаласымен аяқталады. Бiрiншi iрiктеу турының нәтижесi бойынша 250 бала Көкшетау қаласындағы "Балдәурен" "РОСО"-да 20 күн болады. Осы жерде байқаудың екiншi iрiктеу туры және мүгедек балалар үшiн шеберлiк дәрiстерi өткiзiледi.
Фестиваль ағымдағы жылғы 1 маусымда аяқталады. Фестивальге қатысушылар тамаша өнер көрсетiп, жеңiмпаздары салтанатты рәсiмдеу iс-шарасы өтедi.
Жобаның мiндетi – қоғамның мүмкiндiктерi шектеулi балаларға қарым-қатынасын өзгерту, оларды мәдени процестiң тең құқылы қатысушысы ретiнде қабылдауға ықпал ету.
Гүлхан Нұрмұханбетқызы, "Жұлдызай" корпоративтiк қорының қызметкерi