«ӘН МҰХИТЫ»

«ӘН МҰХИТЫ»

«ӘН МҰХИТЫ»
ашық дереккөзі
265

27 сәуiр күнi Қазақконцерт залында қазақ халқының көрнектi әншi-композиторы Мұхит Мералыұлының 170 жылдық мерейтойына орай "Адырна" ұлттық-этнографиялық бiрлестiгi мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң бiрлесiп өткiзуiмен "Ән Мұхиты" атты кеш өтедi.

Бұған дейiн Бiржан сал, Ақан серi шығармашылығынан ән кештерiн ұйымдастырған "Адырна" ұлттық-этнографиялық бiрлестiгi дәстүрлi музыканы сағынып жүрген үлкен кiсiлердi Мұхит әндерiмен қауыштырып, оның мұраларын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтып отыр. Кешке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әнi кафедрасының оқытушылары мен студенттерi қатысады.

Кешке қатысушылар:

Сәуле Жанпейiсова, Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Қосанова, Еркiн Шүкiманов, Қайрат Кәкимов, Ырысты Сүлейменова, Мархабат Мықтыбеков, Еркiн Нұрханов, Ерлан Рысқали, Гүлсiм Арысбаева, Бибiгүл Сауытова, Венера Қаржаубаева, Самал Өмiрзақова, Жанғожа Аяпов, Жұлдыз Сүндетқалиева, Әзiмхан Баймағанбетов, Нұрым Асқанов және т.б.

Келем деушiлерге есiк ашық (тегiн)!

Басталуы: 19.00-де.

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бiрлестiгi сал-серiлер мұрасын насихаттайтын жобаға демеушiлер iздейдi. Ұлттық ән-күй – қазақтың жаны мен рухы. Рухынан айырылған халық құлдықтың қамытын киедi. Ел болашағына бей-жай қарай алмайтын өнер жанашырларынан қолдау күтемiз.

Қосымша ақпарат телефоны:

87073638331, 87022702102, 87773661210

Серіктес жаңалықтары