Мерекелік киіз үйлер тегін уай-фай қызметін ұсынады

Мерекелік киіз үйлер тегін уай-фай қызметін ұсынады

Мерекелік киіз үйлер тегін уай-фай қызметін ұсынады
ашық дереккөзі
815
Қызылжарлықтардың Наурызға дайындығы биыл бұрынғыдан ерек. Қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін тұңғыш рет Орталық алаңда этноауыл бой көтеріп, тақырыптық алаңқайлар жұмыс істей бастады. Ұлттық дәстүрдің кең насихаттауға арналған тағы бір қадам – киіз үйлерді уай-файмен жарақтандыру. 2015032009351560417_20150320025517 Ғаламдық желіні қолжетімді ету жастардың назарын аударып, мейрамның мәні мен маңызын арттыруға бағытталған шара екені айтпаса да түсінікті. Өйткені интернетті, әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын жасөспірім кемде-кем. Ұтымды қолдану арқылы ғаламторды үгіт-насихат пен тәрбиенің негізгі құралына айналдыруға болатынын уақыт дәлелдеді. Сондықтан Петропавл қаласы әкімшілігінің ұлттық мейрамды тойлауға жаңаша бетбұрысы құптарлық. 1426822307_20150320025521 Мереке қарсаңында қала орталығында бой көтерген тағы бір нысан – жарық диодты шаңырақ. Аумағы 1 мың шаршы метрді алып жатқан шаңырақ 100 мың жарық диодты шамнан тұрады. Идея авторларының айтуынша, бұл нысан Қазақстанда тұратын ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығы мен бірлігін айғақтайды.  «Орталық алаңға орнатылған этноауыл «EXPO 2017» көрмесінің туын табыстау салтанатында елімізді шетелдіктерге таныстыру үшін Парижге апарылған болатын. 7 киіз үйден тұратын құрылымның сән-салтанаты ерекше әрі мәні мен мағынасы да зор», – дейді Петропавл қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Динара Рақымжанова. Ұйымдастырушылар этноауылда көрсетілетін қызметтер түрі мен ұсынылатын тағам түрлерін белгілеп қойған. 500 литрге жуық наурыз көже, 700 келі бауырсақ, 2500 келі палау пісіріледі деп жоспарланып отыр екен. Сондай-ақ, қала тұрғындарына диаметрі 3 метр болатын «Жайлау» атты торт ұсынылмақ.

Серіктес жаңалықтары