Әкенің «жақсылығы»... 100 миллион теңге

Әкенің «жақсылығы»... 100 миллион теңге

Әкенің «жақсылығы»... 100 миллион теңге
ашық дереккөзі
247

Керегесі сөгіліп, шаңырағы ойран болған отбасы саны күннен күнге артып келе жатқаны өкінішті. Бұған статистика мәліметтері дәлел. Ажырасқан отбасылардың көпшілігі баланы еш қиналмай-ақ бөліседі де, алимент төлеуге келгенде қашқақтап жүреді. Тіпті туған баласына алимент төлеуді де, заң алдындағы жауапкершілікті кейінге ысырып жүргендер саны баршылық.

Сот актілерін орындаудың ұзаққа созылатыны белгілі. Осыны пайдаланатын ата-аналар жұмыс орны мен тұрғылықты мекенін ауыстырып үлгеретін көрінеді. Тіпті тұрғылықты үйі, табысты қызметі жоқ деп сылтаурататындар да жеткілікті. Заңға сәйкес, ата-ананың екеуі де кәмлеттік жасқа толмаған балаларын асырауға міндетті. Алимент уақытында төлемей жүрген азматтардың жеке меншігінде тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін алуға тыйым сылынады. Сондай-ақ, осыған дейін жұмысы болмаған борышкер жұмыс істемесе, орташа айлық мөлшеріне қарап тағайындалатын ең төменгі жалақы берілетін. Бірақ Заң оларды жұмысы жоқ екен деп алименттен босатпайды.

Алматы облысы бойынша он екі мың азамат алиментті кейінге қалдырып, бүгінге дейін жалтарып келеді. Ол борышкерлердің берешегі 100 миллион теңгеге жеткен. Алматы облысы прокуратурасының қызметкері Алтай Әлмағанбетов оларды қамауға алу керек дегенді алға тартты. «Қарызы барларды әкімшілік қамауға алу керек. Неге дейсіздер ғой? Өйткені олардан азаматтар қорқады. Сот орындаушылары, әкімшілік кодекстен «берешегі бар азаматтар» деген тіркесті алып тастауды ұсынады», — дейді ол.

Жалпы Бас прокуратураның мәліметінше, сот атқарушыларының сөрелерінде алимент өндіру жөнінде 90 мыңға жуық құжат жатқан көрінеді. Яғни елімізде 90 мыңдай әке алимент төлеуден жалтарып, қашып жүрсе, осынша бала әкелік әлеуметтік көмекке зар болып отыр деген сөз. Бұл тіркелгендері ғана. Ал баласына алимент тағайындау құжаттарын өткізбегендер саны қаншама. Алайда заң органдары осы мәселені шешу үшін соңғы кездері бірнеше ұсыныс тастады. Сот орындаушылары алименттен бұлтарған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту және өз меншігіндегі автокөліктерін ақылы автобекетке қою мәселелерін қарастырып отыр. Баласынан артық көретін автокөліктерін тартып алған жағдайда көптеген борышкелер тез арада қаражат тауып, берешектерін уақытында өтер еді дейді сот орындаушылары.Ал «Ер-азамат» дағдарыс орталығының директоры Ләйлә Ахметова «Қазақстанда алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қор құру қажет» деген бастама көтеріп жүр. Франция, Ұлыбритания, Финлян­дия сияқты батыстың дамыған елдерінде осындай қорлар ұйымдастырылған. Кейбір мамандар «мұндай қордың құ­рылуы баламды мемлекет асырайды ғой деген оймен ажырасушылар санының ар­туына алып келеді» деген пікірде. Сонымен қатар биылдан бастап алимент тө­лемеген ер-азаматтардың шетелге шы­ғуына тыйым салынуы мүмкін. Али­мент төлеуден қашатындар үшін мұндай шек­теулерді көбейткен абзал. Болашақта Қазақстанның Әділет министрлігі салық және алимент тө­леуден қарызы бар қазақстандықтарға шетелге шығуға тыйым салуды жос­пар­лауда. «Бұл биылғы жылдың ал­ғаш­қы жартыжылдығында болмақ. Сол себепті бүкіл қарызгерлерге және алимент төлеушілерге ескертемін, қа­рыз­дарыңыздан құтылыңыздар, әйт­песе шетелге шыға алмай қаласыздар. Дем­алысты тек Қазақстан шеңберінде ғана өткізесіздер», – деді әділет вице-ми­нистрі Әмірхан Аманбаев.

Азамат Әбжанов,

Алматы облыстық кәмелетке

толмағандар істері соты

Серіктес жаңалықтары